Журналист Бозжырадағы қонақүй құрылысы орнында не болып жатқанын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © lada.kz Фото © lada.kz

Lada.kz тілшісі Рашид Исмагилов Бозжыра шатқалында қонақүй салуды жоспарлап отырған жерге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Lada.kz тілшісі Рашид Исмагилов Бозжыра шатқалында қонақүй салуды жоспарлап отырған жерге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистің айтуынша, қонақүй кешеніне арналған учаске белгіленген. Бұл жерде блок-контейнерлерден үш модульдік кемпинг орнатылған. Су тасығыштар технологиялық процестер мен жұмыстар үшін орнатылған бөшкелерді сумен толтырып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау әкімдігі Бозжыраға неге арнайы техника келгенін түсіндірген еді. Шенеуніктердің айтуынша, Бозжырада топырақтың геологиялық жағдайын анықтау үшін инженерлік-геологиялық зерттеулер басталған.

5 ақпанда қонақүй құрылысы қоғамдық тыңдауда талқыланды. Қазақстан биоалуантүрлілік қауымдастығының (ҚБСА) сарапшылары жобаның кемшіліктерін атап өтті. Олардың айтуынша, жабайы жануарлар мекендей алатын, адам аяғы баспаған аймақ қажет.

Америкалық журналист, документалист және жазушы, екі Пулитцер сыйлығының лауреаты Пол Салопек Бозжыра шатқалындағы жер құрылысын қазақ халқына қарсы қылмыс деп атады.

Бұған дейін әзірлеуші қонақүйдің эскиз жобасын ұсынған болатын. Жоба инвесторға 38,6 миллиард теңгеге түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная