Нұр-Сұлтан - жас дамушы қала, Қазақстанның елордасы, ол үнемі қозғалыста және түр-келбетін өзгертіп, түрленіп, дамып келеді. Демалыс күндері де қалада шу басылмай, тіршілік қайнап жатады. Бірақ қала тұрғындарына кейде тыныштық пен демалыс қажет. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан маңындағы тұрғындар мен қала қонақтарына қыста жақсы уақыт өткізіп, демалатын жерлер жайлы баяндайды.
Нұр-Сұлтан құрғақ далада орналасқан, соңғы жылдары жасыл белдеу пайда болса да жасыл өсімдікке бай емес. Дегенмен жақын жерлер өзен-көлге, орман-тоғайға, тіпті тауға да бай. Олар қатты алыс та емес, қала шуынан мезі болғандар үшін әрдайым барып демалуға тұрарлық.
Материалда ыңғайлы демалыс орындарымен қатар табиғи демалыс пен әдемі фотосессия жасайтын жерлер де беріледі.
Қыс ертегісі қаладан 10 минуттық жерде
Қалаға ең жақын - Қосшы ауылы. Мұнда Нұра өзені ағып жатыр. Оның көптеген салалары бар және қала тұрғындарының ең танымал демалыс орындары осы жерде орналасқан. Олардың кейбірі - Green Park және "Чистые пруды". Мұнда нағыз қысқы ертегіні көруге болады: қар көлігімен жүру, коньки мен шана тебуге бар жағдай жасалған. Сонымен қатар, мұнда қысқы пейзажды және мейірімді хаски иттерімен әдемі фотосуреттер түсіруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, "Нұра" демалыс үйі бар, онда сіз нағыз қысты барлық сәнімен тамашалауға, атқа мініп, коньки тебе аласыз, мұның бәрі қарлы көрініс аясында жүзеге асады. Балық аулаушылар үшін қаладан 30 минуттық жерде тамаша орын бар, ол - "Столичные раки". Балық аулау үшін сіз өзіңізбен бірге құрал-жабдық пен жақсы көңіл-күйді әкеліп, ерте өзен жағасына келіп орналасуыңыз қажет. Мұнда ыңғайлы пирс, беседка, үйлер мен мейрамханалар бар. "Арлан" қонақ үйі өз қонақтарын әдеттен тыс қысқы бағдарламасымен таң қалдырады: аязды ауада жылытатын глинтвейн мен зімбір тоқаштары бар пикник те болады. Мұнда сіз керлинг немесе хоккей ойнайсыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алау, глинтвейн және мұзды суат
Айдарлы (Красный горняк) ауылында қарағайлы орманды көркем жерде Family Garden демалыс аймағы бар. Мұнда сіз ашық ауада глинтвейн мен шоққа пісірілген картоптыың дәмін тата аласыз. Аязды ауа мен алаулаған от, суық мұзды суат және ыстық ванна - мұнда көптеген қарама-қайшылықтар бар десе болады. Мұның барлығы қар көлігімен немесе атты шанамен жүруді ұнататын демалушыларға арналады. Ал мейрамханада дәмді түскі астан кейін үлкен компаниямен үстел ойындарын ойнауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұлдызды аспан астында коньки тебу
Нұр-Сұлтаннан 20 минуттық жерде Аққайың ауылында (бұрынғы Малотимофеевка) BalQaragai демалыс аймағы бар. Биыл шаңғы, сноуборд, және шана тебуге арналған тік беткейлер де бар. Баурайдың биіктігі 20 метр, ұзындығы 200 метр. Бұл ең тік немесе ең қиын еңіс емес, бірақ оны жаңадан бастағандар жақсы көреді. Бұл демалыс орталығының басты ерекшелігі - түнде шаңғы тебу. Түн, еңіс, шамдар мен гирляндалардың жарығы, аязды ауа - сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес атмосфера мен сезімге бөленесіз. Ең бастысы жылы киініп, ыңғайлы компания табу. Бірге бұл демалыс қызықты, әрі көңілді өтпек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аңшылық пен атуды ұнататындарға
Адам аяғы баспаған ерекше табиғат Нұр-Сұлтаннан кейін біраз жүрген соң басталады. Сондай орындардың бірі Қоянды су қоймасы мен Қоянды ауылының маңындағы - "Золотой фазан" демалыс аймағы. Кәдімгі қысқы шаралардан бөлек, ұйымдастырушылар қонақтар үшін ату мен аң аулауға қажеттінің барлығын дайындаған. Садақ ату, арбалет, мылтық ату бар. Сіз қырғауыл, қоян, жабайы қабан мен қаз аулай аласыз. Мұнда сіз пони, ат, түйеге мінуге болады. Қонақтарға арналған жабық бассейн, монша, үйлер, шағын бөлмелер, мейрамхана және ұзын экстремалды сырғанақ бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шыңды бағындыруды сүйетіндер үшін
Шыңды бағындыруды ұнататын, бірақ Алматыға жете алмайтындар үшін Имантау көліне барса болғаны. Ол Нұр-Сұлтаннан екі сағаттық жерде орналасқан. Мұнда маусым мамырда басталып, қыркүйекте аяқталады, туристердің ең көп бөлігі шілде мен тамыз айларында болады. Осыған қарамастан, бұл жерде қыста өте әдемі. Мұзға айналған көлді қарағай мен қайың, тау мен жартас қоршап жатыр. Сонымен қатар, жақын жерде электр қуаты бар жақсы жабдықталған кемпинг, ас үй, сауна және барбекю бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көлге жылы киім және ыңғайлы аяқ киіммен келу керек, өйткені су қоймасының айналасында тек жаяу жетуге болатын көркем жерлер бар: жеңіл көтерілетін Котелок шоқысы, әдемі көріністі Угловая шоқысы, бөрене жолы апаратын және шолу алаңы бар Ракельский үңгірі, жағадан төрт шақырым жерде орналасқан Казачий аралы жүрек пішінді, арша тоғайлары бар ерекше өсімдікті Буян шатқалымен ерекшеленеді. Тау жыныстарының максималды биіктігі теңіз деңгейінен 660 метрді құрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Зеренді - құнды табиғи ескерткіш
Зеренді көлі Имантау маңында орналасқан - құнды табиғат ескерткіші. Бұл жер тұнық суымен, жартастар және қылқан жапырақты ормандармен қоршалған демалыс орны. Мұндағы инфрақұрылым Бурабайдағыдай жақсы болмағандықтан, мұнда жай табиғат аясында демалуға келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жақын жерде орналасқан "Зеренді Парк" немесе "Аврора Гарден" сияқты демалыс орындары тұрғын үймен, тамақтану, моншамен қамтамасыз етілсе, кейбіреулері қысқы ойын-сауық үшін жағдай жасаған. Zeren сияқты басқалары сізді сауықтыру ем-шараларымен қуантады: гидротерапия, ингалятор, фитобар, балқарағай бөшкелері және детокс бағдарламасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл жер қыста уақытты белсенді өткізіп, шың бағындыруды ұнататындар үшін сұранысқа ие. Жылдың осы уақытында, әрине, жартастарда серуендеу тек арнайы жабдықпен және тек кәсіби мамандарға ғана ұсынылады. Соған қарамастан Зерендінің көрікті жерлерін аралау, шаңғы мен шана тебу, қысқы орманда серуендеуді сүйетіндер үшін қолжетімді. Сонымен қатар, мұндай турдың бағдарламасына Қазақстандағы жалғыз көбелек мұражайына бару кіреді. Бір күндік турдың құны 15 мың теңгеден аспайды, мұндай демалыстан алған әсеріңіз наурыз мерекелеріне дейін жетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұр-Сұлтан еліміздің қақ жүрегінде орналасқан, қала арқылы көптеген ірі магистральдар өтеді. Бұл әсем жерлерге осы жайлы жол арқылы жетуге болатынын білдіреді. Егер жаныңыз әдемі табиғатты аңсаса, автомобильде жанармай толық болса, өзіңізбен шай, тәттілер алып, Сілеті өзенінің маңына демалуға барыңыз. Оның жағасының биіктігі 40 метр. Өзеннің тік иіндері, жағасындағы жартастары мен жан-жаққа созылып жатқан төбелері себепті бұл жер "даладағы кеңістік" деген лақап атқа ие болған. Осы аттас ауылдың жанында бөгетпен Сілеті су қоймасы орналасқан. Мұнда балық аулауға болады. Бұл орындарда қолайлы демалыс орындары жоқ. Дегенмен, табиғатта демалып, таза ауа және әдемі фотосуреттер үшін бір күндік саяхатқа шығуға тұрарлық жер.
Нұр-Сұлтан - Бурабай бағытындағы жолда бір сағат жүрген соң Ақкөл қаласына жетуге болады. Бұл шағын қала бай орманды алқаптармен қоршалған. Мұнда сіз табиғатпен етене араласып, күш жинай аласыз, тіпті орман жануарын да кездестіруге болады. Мұнда адамдардың көпшілігі шатыры мен барбекю бар көлікпен келеді, сонымен қатар ең жақын туристік кешеннен, курорттық немесе заманауи инфрақұрылымы бар демалыс аймағынан бөлме жалға алуға да болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әрі қарай сол тасжолдың бойымен барлығының сүйікті ұлттық табиғи саябағы Бурабайға дейін баруға болады. Бұл жердің сұлулығы тек қарағайлы ормандарда ғана емес, сонымен қатар, көркем таулары мен көлдерінде. Саябақтың аумағында 14 көл бар, олардың ішінде ең танымалдысы - Бурабай, Үлкен және Малое Чебачье, Қатаркөл, Майбалық. Ауданның ең биік нүктесі - Көкшетау тауы. Оңтүстігінде Бурабай тауы (690 метр) - тамаша панорамалық нүктесі. Одан әрі оңтүстікте Щучин төбелері жатыр, олардың ең үлкені Жеке-батыр деп аталады. Оқжетпес тауы мен Жұмбақтас аралы - Бурабай көлінің нағыз сәні мен беткеұстар көрікті жері. Әр демалушының аты аңызға айналған жартастың фонындағы суреті бары анық.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.