Жетісуда жаңа халықаралық әуежай бой көтеруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

"Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағының аумағында заманауи әуе айлағы салынбақ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағының аумағында заманауи әуе айлағы салынбақ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлескен қазақ-неміс жобасына 250 млрд теңге инвестиция тартылып, 700 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Жоба үш кезеңнен тұрады. Терминалдың қуаты 50 мың тонна жүк тасымалдауға, жолаушылар терминалынан сағатына 500 адамға дейін өткізуге қауқарлы болады.

Жобаны іске асыруға қатысты мәселелер бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың инвесторлармен кездесуі барысында талқыланды.

Іскерлік кездесуде Бейбіт Исабаев Жетісу облысының транзиттік әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдері мен Еуропаға дейінгі маңызды маршруттардың қиылысында "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА орналасқан, оның құрамына Құрғақ порт, жалпы ауданы 5 мың гектарға жуық логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді.

"SKYMAX TEHNOLOGIES" компаниялар тобы" ЖШС Бас директоры Ерік Шортанбаев жоба жайлы кеңінен әңгімелеп, бірінші кезекте өзінің неміс серіктестерін, яғни жобаға инвестиция салуға ниетті "The Hansa Consortium" компаниясының өкілдерін таныстырды.

Инвестордың айтуынша, жоба үш кезеңнен тұрады. Халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салудан бөлек, мұнда қажетті инфрақұрылыммен қамту, сондай-ақ оны кезең-кезеңімен кеңейту, өндірістік қуатын ұлғайту, қонақ үй, сауда-ойын-сауық орталығын іске қосу көзделген. Осылайша жоба 2032 жылы толығымен аяқталады. Ал әуежай 2027 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланған.

Шортанбаевтың айтуынша, жобаны іске асырудың І кезеңінде әуежайдың негізгі инфрақұрылымы салынады, ал І және ІІІ кезеңдерде қосымша инфрақұрылымдарды аяқтау, жолаушылар терминалының өткізу қабілетін, жүк және отын қоймаларының қуатын кеңейту қарастырылған.

Сондай-ақ инвесторлар сауда, туристік қызметтер, сондай-ақ тамақтану және орналастыру қызметтерінің кешенін кеңейтіп, дамытуға ниетті. Атап өтсек, әуелайнерлеріне заманауи Jet a-1 отыны пайдаланылмақ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная