Жетісу - Туризм өлкесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасылкөл көлі. © Visit Zhetysu Жасылкөл көлі. © Visit Zhetysu

Жер жәннаты – Жетісу өңірінің туризмін дамыту 5 дестинацияның әлеуетіне негізделген. Бұл жағажай туризмі белсенді дамып келе жатқан Алакөл және Балқаш көлдері, мәдени-экологиялық туризмді дамыту аймағы "Алтын-Емел" және "Жоңғар-Алатау" ұлттық парктері мен ұлы Жоңғар- Алатау тау сілемі.


Иконка комментария блок соц сети

Жер жәннаты – Жетісу өңірінің туризмін дамыту 5 дестинацияның әлеуетіне негізделген. Бұл жағажай туризмі белсенді дамып келе жатқан Алакөл және Балқаш көлдері, мәдени-экологиялық туризмді дамыту аймағы "Алтын-Емел" және "Жоңғар-Алатау" ұлттық парктері мен ұлы Жоңғар- Алатау тау сілемі.

Жетісу облысындағы туризмнің ең перспективті түрлері экологиялық, жағажай, мәдени, тау, су, спорттық туризм деп санауға болады. Облыста туризмнің бұл түрлері жыл сайын туристер арасында үлкен танымалдылыққа ие болуда.

Биыл "Visit Zhetysu" туристік ақпараттық орталығы Жетісу облысының туризмін дамыту мақсатында біршама іс-шаралар өткізді.

Туристік әлеуетті арттырып, тау туризмін дамыту мақсатында "SHAGAN FEST" фестивалін ұйымдастырды.Таулы шыңға жаппай көтерілу Жетісу облысына туристер мен белсенді тау демалысын сүйетіндерді тарта алады. Сонымен қатар, тау туризмі мәдениетін қалыптастырады және нығайтады.

"SHAGAN FEST" фестивалінен

Жетісудің жеті арнасының бірі – Көксу өзені, белсенді су және спорттық туризмді дамытуға бағытталған. Орталықтың ұйымдастыруымен алғаш рет Рафтингтен ашық Азия Чемпионаты "KOKSU WATER FEST" өтті. Чемпионатқа 5 елден: Моңғолия, Қырғызстан, Босния және Герцеговина, Ресей мен Қазақстаннан 17 ерлер мен 6 әйелден құралған командалар қатысты.

"KOKSU WATER FEST" су фестивалінен

Жыл басынан бері өңірдің танымалдығын арттырып туристерді тарту мақсатында, турбизнес, БАҚ өкілдері және блогерлерге 6 ақпараттық тур өткізді. Олардың негізгі бағыттары: "Қорғас" ШЫХО, "Алтын-Емел" мен "Жоңғар-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Балқаш пен Алакөл көлдері, "Бұрқан-Бұлақ" сарқырамасы.

"Бұрқан-Бұлақ" сарқырамасына ақпараттық турынан

Жетісу өңірінде экологиялық туризмнің негізін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрайды – бұл "Жоңғар-Алатау", "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи парктері.

Әлемдегі алма ағаштарының арғы атасы саналатын Сиверс алма ағашын сақтап қалу мақсатында "Жоңғар-Алатау" МҰТП-мен бірлесіп, "Сиверс алма ағашының гүлденуі" фестивалі өткізілді. Сиверс алма ағашы гүлденуінің әдемілігі, Жапониядағы әйгілі Сакураның гулденуінен кем емес.

"Сиверс алма ағашының гүлденуі" фестивалінен

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген құландарды сақтап қалу мақсатында "Visit Altynemel" орталығы, "Алтын-Емел" МҰТП-мен бірлесе отырып "Алтын-Емел - құландар мекені" атты фестивалін ұйымдастырды.

"Алтын-Емел - құландар мекені" фестивалінен

Туристік орталық тау туризмі мен жаяу экспедицияны балалар мен жасөспірімдерге насихаттау үшін "Ұлы Жоңғар Алатауы" халықаралық туриадасын, спорттық федерациямен бірлесіп Дүниежүзілік туризм күніне арналған Жетісу облысының туристер слеті , "Ұлы дала елі" экспедициясын өткізді.

"Ұлы Жоңғар Алатауы" халықаралық туриадасынан

Ал, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына экскурсиялар: "Алтын-Емел" МҰТП-де орналасқан "Айғайқұм" құм төбелері мен "Бесшатыр" қорымдары, Жаркент қаласы, Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ бұлағы, Қаратал ауданында орналасқан "Бес-Ата" кесенелерін қамтыды. Сондай-ақ, агротуризм нысандары "JLC" сүт зауыты, "Алақай" кондитерлік фабрикасы, "Көксу қант зауыты", "Alacem" зауыттарымен таныстыру – өндірістік құралдар мен зауыттың жұмыс жасау принциптерімен танысуға және балалардың агротуризмге қызығушылығын арттыру мақсатында дарынды балаларға өндірістік экскурсиялар өткізілді.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына "Бесшатыр" қорымына экскурсиядан

"JLC" сүт зауытына өндірістік экскурсиядан

Жетісу облысы табиғи-экологиялық нысандардан бөлек, тарихи- мәдени мұра құндылықтарына да бай өңір. Солардың бірі – тылсым тау жүйесі Ешкіөлмес тауларында орналасқан тарихи ескерткіштер – петроглифтер. "Ешкіөлмес" экспедициясы осы петроглифтерді қорғауға бағытталған іс-шара.

"Ешкіөлмес" экспедициясы – өңірдің мәдени мұрасын сақтаудың ұзақ мерзімді жоспарының алғашқы қадамы. Экспедиция барысында алынған деректер осы құнды жәдігерлерді сақтау мен қорғау стратегияларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Осылайша, жоба Жетісу облысының мәдени байлығын сақтаудың және болашақ ұрпаққа өз елінің тарихымен танысу мүмкіндігін берудің маңызды элементіне айналады.

"Ешкіөлмес" экспедициясынан

Шетел және ішкі туристерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, туристердің демалысын жеңілдету туристік орталықтың негізгі бағыты. Осы орайда Талдықорған және Үшарал әуежайларында, "Қорғас" ШЫХО мен халық көп шоғырланатын орындарында телефондарды зарядтау станциялары орнатылды. Демалыс барысында телефондарды зарядтау станциялары мониторларында Жетісу облысының көрікті жерлері, туристік нысандары жайлы бейне материалдарды көруге болады.

Туристік навигацияны жақсарту және демалушыларға дұрыс бағыт-бағдар беруге – республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда, аудан және қала орталықтарында сыртқы жарнамалық баннерлер ілінді.

Жоспарланған іс-шаралар аясында өтетін, қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан және туристерді көп тартатын оқиға туризміне облысымыз ерекше көңіл бөлуде.

Жетісу облысының туристік нысандарын республика аумағында насихаттау және ілгерілету мақсатында Қазақстан қалалары бойынша, яғни, Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Өскемен қалаларын қамтыған ZHETYSU ROАD SHOW іс-шарасы өтті.

Шара барысында Жетісу облысының "Жоңғар-Алатау" мен "Алтын-Емел" МҰТП өкілдері, Жетісу облысындағы ірі және танымал демалыс үйлері мен туристік нысан өкілдері Қазақстанның басқа қалаларының туроператорларына және туристік нысан өкілдеріне баяндама жасап, презентацияларын көрсетті.

Өскемен қаласындағы ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасынан

Жыл қорытындысы ретінде Жетісу облысында өткізілетін туризм саласындағы іс-шараларға белсенді қатысқан туристік компанияларды, БАҚ өкілдерін, блогерлерді, видеографтрарды, фотографтарды және басқа да туризм саласының өкілдерінің басын қосқан бірегей форматта Visit-Zhetysu-2023 форумы өтті.

Форумға қатысушылар туризмдегі жаңа тенденцияларды талқылап, тәжірибе алмасып, жаңа қызықты бағдарламаларды жасауға бірін-бірі шабыттандырды. Форум табысты идеялар мен озық тәжірибелерді қоғам мойындаған орынға айналды.

Visit-Zhetysu-2023 форумынан

Туристерді тамсандыратын Жетісу өлкесі - табиғи және мәдени көрікті жерлерге бай. Атап айтқанда, Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ерекше туристік нысандар, ұлы Жоңғар-Алатау тау сілемі, Қазақстанның ең әдемі көлі – Жасылкөл, жұмбақ "Айғайқұм", ерекше Ақтау және Қатутау таулары және бірегей Жаркент мешіті. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең биік сарқырама – "Бұрқан-бұлақ" сарқырамасы.

Жетісу әркімнің жүрегінде мәңгі қалады және осы керемет жерде жаңа шытырман оқиғаларға шақырады!

TengriTravel
Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталық ұсынған материал
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная