Әлеуметтік желіде әдемі жағажайдың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы Каспий теңізі жағалауындағы әдемі орын демалушылардың көбіне белгісіз екені атап өтіледі. "Ақтау Мальдиві" аталған құпия жер Форт-Шевченко қаласына қарай тасжол бойымен 70-80 шақырым жерде орналасқан. Қолданушылар аппақ құм мен мөлдір теңіз суына тамсанды.
Пікір қалдырған қолданушылар мұндай әдемі орынның қайда екені айтылғанына өкінеді. "Қазір депутаттар бәрін жекешелендіріп, бүлдіреді. Біраз уақыттан кейін бәрі қоқысқа толса, таңғалмаймыз", - деп қорқынышын білдергендер бар.
Кейбіреулер бұл жер қауіпті - су өте суық және терең, сонымен қатар жағажайда жыландар жиі кездеседі деп жазды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!