Жазда Ақтауда демалатын ресейлік туристер саны екі есе артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Lada.kz Фото: Lada.kz

2022 жылы жазда Ақтауға Ресейден туристер көптеп келді. "Бәрі ішінде" концепциясымен жұмыс істейтін Каспий теңізі жағалауындағы қонақүй демалыс үшін өте қолайлы орын. Мұндағы басты тартымдылық жылы климат, көркем жағажай мен курорт аумағындағы қауіпсіздік болды. Мәселен, 2022 жылы Ақтаудағы бір ғана белгілі үлкен қонақүйде (Rixos Water World Aktau) 11 816 ресейлік турист демалған, ал 2023 жылы келушілер саны екі есе артады деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Жаздық әуе рейстері Мәскеу, Қазан және Екатеринбор қалаларынан аптасына алты рет ұшатын болады. Бұл Ресейдің орталық аудандарында тұратын және Ақтауда демалғысы келетін адамдар үшін қолайлы.

Курорттық қонақүйлер ұсынатын қызмет ауқымы үлкен, оның ішінде бассейн, су сырғанақтары, спорт алаңдары, теннис корттары мен басқа да көптеген дүниелер бар. Бұл курорттық орын отбасымен демалуға да жайлы, өйткені онда қызмет сапасы жоғары және кез келген жастағы адамға ойын-сауық түрлері табылады.

Осылайша, Ақтауға рейстер жаз бойы сұранысқа ие болмақ. Бұл саяхатқа аттанып, көркем жағажайда демалып, курорттағы тамаша қызмет түрлерімен рақаттануға тамаша мүмкіндік.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная