"Жасанды тапшылық". Алматы вокзалының басшысы жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:2gis.kz Фото:2gis.kz

ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан темір жолына" жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.

"Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан", - деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

"Вокзал бастығы А. Б. (ҚТЖ-дан - еск.) тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная