"Жарты жылда 110 мың". Қазақстандықтар Дубайға жиі ұша бастады

Қазақстаннан Дубайға тасымалданған жолаушылар саны 20 жылда 15 еседен астам өсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Traveldailynews.asia сайтына сілтеме жасап.

Air Astana қазақстандық әуекомпаниясының деректеріне сәйкес, 2002 жылы Қазақстан мен Дубай арасында саяхаттайтын жолаушылар саны 7 000 адамға жетпеген. Ал 2022 жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 101 000 адамнан асты. Әуе жүктері туралы айтатын болсақ, 2002 жылы 54000 килограмм жүк болды, ал 2022 жылдың бірінші жартысында олардың саны 730 000 килограмнан асты.

Айта кетейік, қазір БАӘ-ге Қазақстаннан 32 рейс орындалып жатыр, оның 23-і Дубайға. Нұр-Сұлтаннан Дубайға тоғыз (Air Astana – бес, Fly Dubai – төрт), ал Алматыдан Дубайға - 14 (Air Astana – жеті, Fly Dubai – жеті) әуе рейсі орындалады.

"БАӘ көптеген ойын-сауық пен бизнес мүмкіндіктерін ұсынады, ал Дубай соңғы 20 жыл ішінде Қазақстаннан саяхатшылар үшін өте танымал орынға айналды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан жолаушылар ағыны белсенді түрде өсіп келеді және біз осы жылдың соңында екі қаладан да пандемияға дейінгі жиіліктерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз", - деді Air Astana әуекомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Адель Дәулетбек.

Сондай-ақ, сарапшы 2022 жылдың соңына қарай рейстер жиілігі аптасына 17 рейске жететінін, оның ішінде аптасына он рейс Алматыдан және жетеуі Нұр-Сұлтаннан ұшатынын хабарлады. Сондай-ақ алдағы қысқы маусымда Дубайға және кері ұшатын рейстер кестесі жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін жақсартылады. Таңертең Алматы мен Нұр-Сұлтаннан ұшып, түскі астан кейін бірден Дубайдан кері ұшып, кешке Қазақстанға келеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!