Алматы облысының құтқарушылары Ресей азаматын құтқарды. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 20 тамызда түнгі сағат 02.00-де болған.
"Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған. Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Қыз бала 2023 жылы 19 тамызда шамамен 18:00-де достарымен Алматыдан келген.
"Жартаста 11 сағат отырдым. Түні бойы. Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылды. Өйткені менің қайда екенімді табу қиынға соқты. Сонша биікке шығып, түсуді ойламаппыз. Жігіттерге алғысым шексіз. Олар мен жіпке байлап түсірді. Оларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Мен өздігімнен ол жерден түсе алмас едім", - дейді қыз бала.
ДЧС Алматинской области призывает граждан соблюдать правила безопасности в туристическом походе.
Алматы облысы ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!