"Жарнамалық ролик сияқты": қазақстандық Түркістан облысының сұлулығын көрсетті

Түркістан облысында контент-креатор Александр Кузнецов түсірген видео Желіде тарап, танымалдық жинады. Ол аймақтың таңғаларлық сұлулығын видеоға түсіріп көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Автор Instagram-парақшасында әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған видео жариялады. Александр Кузнецов Қазақстанның табиғаты түсірілген бірнеше кадрды жинаған. Ол өз жазбасында "Оңтүстік Қазақстанның жабайы табиғатын түсірген кадрларымды жинадым" деп түсіндірген.

Жазбаға пікір білдіргендер қатары көп, әлеуметтік желі қолданушылары Александрдың кадрлары елдің табиғатын көрсететін жарнамалық ролик бола алатынын жазған.

"Қандай әдемі", "Керемет кадрлар", "Таныс жерлер", "Жарнамалық ролик сияқты", - деп жазды пікір білдірушілер.

Александрдың өзі тілшімен сұхбатында бұл кадрлар оның мұрағатынан алынғанын түсіндірді. Оның айтуынша, видеодағы барлық сәт Түркістан облысында түсірілген. Бейнеролик дронның көмегімен жасалған. Танымал бейнені өңдеуге шамамен екі сағат кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!