Жаңа жылды қанша турист Қазақстанда қарсы алды?

23 мыңнан аса турист жаңажылдық мерекені Қазақстанда қарсы алған. Мұндай мәліметті eQonaq ақпараттық-сараптамалық жүйесі ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

26 желтоқсан - 4 қаңтар аралығында қазақстандық қонақ қабылдау мекемелері 23 мыңнан аса турист қабылдаған. Оның 9 мыңы Алматыда және 5,1 мыңы - Астанада.

"Бір қызығы, қонақтарды қабылдаушы үздік өңірлер тізімінде Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар, яғни суық аймақтар кірген", - делінген Tengritravel.kz порталы сауалына жолдаған Kazakh Tourism жауабында.

Туристердің көпшілігі Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алу үшін Ресейден келген - 15 мың адам. Сондай-ақ, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген саяхатшылар Қазақстанда Жаңа жылды қарсы алды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.