Сарапшылар 2022 жылы жалғыз саяхаттауды ұнататындар үшін ТОП-10 бағытты атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. Uswitch сайты рейтинг жасау кезінде туристер назар аударатын бес негізгі көрсеткішті ескерді.
Бағалау критерийлері: интернеттің жылдамдығы, іс-шаралар мен аттракциондар саны, қоғамдық көліктің құны, тұру орны және ауаның орташа температурасы есепке алынды.
Рейтингте бірінші орынды Рим (Италия) секундына 39 мегабит байланыс жылдамдығымен, 4 220 іс-шара және баратын орындармен, сегіз мыңға жуық қонақүйімен алды. Одан кейін Үндістанның астанасы Нью-Дели. Онда қоғамдық көлікпен жүру құны 35 рупий (200 теңге) және орташа температура 25 градус. Үздік үштікті Бангкок (Таиланд) жабады.
Жеке саяхатқа арналған ТОП-10 бағыттың тізімі мынадай:
Рим (Италия)
Нью-Дели (Үндістан)
Бангкок (Таиланд)
Ыстамбұл (Түркия)
Джайпур (Үндістан)
Афины (Грекия)
Дубай (БАӘ)
Флоренция (Италия)
Лиссабон (Португалия)
Париж (Франция)
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!