Жаһандық байқауда Түркия "Сүйікті бағыт" номинациясын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену тойын Түркияда өткізуге қызығатын жастардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы - RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың "Сүйікті бағыты" деген атауға ие болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үйлену тойын Түркияда өткізуге қызығатын жастардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы - RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың "Сүйікті бағыты" деген атауға ие болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

RSVP - түрлі симпозиумдар, конференциялар, марапаттау салтанаттары мен үйлену тойларын ұйымдастыратын әлемдік ұйымдардың ортақ платформасы. RSVP конференциясы 2018 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл Испания астанасы Мадридте бас қосқан шараға 30 мемлекеттен 250-ге жуық ивент ұйымдастырушылар, танымал спикерлер, кәсіби мамандар қатысты. Үйлену тойлары мен түрлі шараларды өткізудегі соңғы үдерістер, брендинг пен дамуға қатысты мәселелер бойынша симпозиумдар болды.

20 аталымнан тұратын RSVP Global Awards байқауында Түркия "Сүйікті бағыт" номинациясын жеңіп алды. Ұйымның келесі басқосуы 2024 жылы 2-5 сәуірде Ыстамбұлда өткізілетіні анықталды. Байқау нәтижесінде Ыстамбұл премиум-класс санатындағы әлемдік шараларды ұйымдастыруға лайықты заманауи қала ретінде аталды.

© pixabay.com/Pexels

Батыс пен Шығыстың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін тоғыстырған Түркия саяхатшылар мен туристерге әр аймақтың өзіне тән ерекшелігі бар асханасымен, дәмді тағамымен де қызықты. Соңғы жылдары жас жұбайлар Ыстамбұл, Бодрум, Анталья, Каппадокия, Чечек, Чешме, Фетхиеде үйлену тойларын өткізуді дәстүрге айналдырған. Аталған бағыттарда той иелеріне ақыл-кеңес беретін тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Олар тойдың маңызды бөлігінен ұсақ-түйегіне дейін жоспарлап, салтанатты кештің керемет өтуіне үлес қосады.

Үйлену тойының жұмағы саналатын Ыстамбұлда тарихы тереңге тартқан ескі әдет-ғұрыппен бірге заманауи үдерістер қатар өріледі. Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұлға Жер шарының түкпір-түікпірінен тікелей жеткізетін авиарейстер қарастырылған. Той-думанды түріктер елінде жоспарлайтын қонақтар Ыстамбұлға кез келген құрлықтан оңай сапарлайды. Жабық кеңістікте немесе ашық аспан астында 200-ден 2000 адамға дейін күтуге жағдай қарастырылған сәнді той салондарында ине шаншар жер болмайды. Қонақтарға көңіл көтеретін шаралармен бірге спа-орталықтар, массаж залдары, жасыл желекке малынған бақтары ұсынылады.

© pixabay.com

Ыстамбұлда қымбат қонақүйлерімен қатар Осман империясынан қалған тарихи сарайлары мен виллаларында үйлену тойын өткізуге мүмкіндік бар. Падишаһтары билік құрған Осман империясының кезеңіндегі салтанатын сол қалпында сақтаған сарайларда шаңырақ құруға талпынған жастар алғашқы қадамдарын басады. Бұл мәңгілікке есте қалатын ерекше сәттер екені анық. Эгей теңізінің жағалауына орналасқан Бодрумда салтанатты тойлар көп өтеді. Ашық аспан асты мен жабық кеңістікте 150 адамнан 1000-ға дейін қонақ күте алатын той залдарының бір біріне ұқсамайтын ерекшелігі бар. Барлық мекенде жас жұбайлардың кез келген арманын жүзеге асырады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная