Өңірдегі кәсіпкерлер туристердің су деңгейі түсіп кеткенін көріп, демалыс базаларын тастап кетіп жатқандарына алаңдаулы. Ол тұрмақ тынығушылар серуендейтін кемелердің де тоқтайтын жері жоқ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Судың неліктен тартылып бара жатқанын анықтау үшін бірнеше сала өкілдері өңірдегі Кәсіпкерлер палатасына жиналды. Оның директоры Қайрат Мамырбаевтың сөзінше, бұл жағдай тек кәсіпкерлерді ғана емес, аймақ жұртын да толғандырып отыр.
Бұқтырма - облыс бойынша тынығушыларды көптеп тартатын әсем жерлердің бірі. Десе де, биыл су қоймасы ондаған метрге "шегінді". Келушілер мұнда мамыр мен қазан айы аралығында шомылып, демалып қайтады. Жағалауына келіп жайғасқан жұрт өңірден бөлек, көршілес елдерден де келеді. Алайда қазір су тартылғалы жағалаудың сұрқы қашып тұр", - деді ол.
Демалыс үйлерін жалға беретін кәсіпкер Александр Чиликин жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқанын айтты.
"Кемелер қайда тоқтайды деп бас қатырып жүрміз. Келушілерді бір жағадан екіншісіне қалай жеткіземіз? Азық-түлік апару да қиын", - деді іскер азамат.
Толығырақ Massaget.kz порталынан оқи аласыздар.