Израильге ұшқан қазақстандық әуекеменің экипажы марапатталды

Қазақстанда Израильге ұшқан борт экипажы марапатталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігімен бірлесіп, ұшу қауіпсіздігінің тәуекелдерін бағалау және қазақстандық азаматтарды Израильден қайтару бойынша жұмыс жүргізді.

"Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев өз міндеттерін орындаудағы жанқиярлығы үшін Air Astana әуе компаниясының экипажы Қазақстан азаматтарын Израиль елінен қайтаруды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды", - делінген Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ресми мәлімет бойынша, алғыс хаттар мына азаматтарға берілді:

"Эйрбас" командирі - Ольховский Станислав Андреевич;
Бас ұшқыш - Колесников Олег Евгеньевич;
Эйрбас екінші ұшқышы - Орлов Сергей Васильевич;
Эйрбас екінші ұшқышы - Сұлтанов Алмас Серікұлы;
Бортсерік-супервайзер - Сейілханова Ақерке Бақтиярқызы;
Бортсеріктермен жұмыс жөніндегі супервайзер - Мушрапилов Фарух Фарменович;
Аға бортсерік - Костюк Ольга Геннадьевна;
Бортсерік-супервайзер - Адамбекова Әсем Керімбайқызы,
Аға бортсерік - Қожахметова Зарина Серікқызы;
Бортсерік-супервайзер - Төлегенова Әсем Берікханқызы;
Аға бортсерік - Әбілдаев Руслан Булатбекұлы;
Бортсерік - Жантаева Айнұр Бертайқызы;
Бизнес-класс бортсерігі - Попова Анастасия Владимировна;
Бортсерік - Шерімханова Аружан Серікқызы марапатталды.

Айта кетейік, 10 қазанда Астана уақытымен 16:45-те Air Astana әуекомпаниясының ұшағы бортына қазақстандықтарды отырғызып Тель-Авив әуежайынан ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы болды, оның 124-і қазақстандық ал қалған 42-сы шетелдік азаматтар. Олар ХАМАС шабуылы кезінде Израиль аумағында болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!