Грекияда екі адам 19 жастағы туристі өлгенше сабап тастады

Грекияның Закинтос аралында 19 жастағы ұлыбританиялық турист отандастарымен жанжалдасты. Салдарынан саяхатшы бас жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Басылымның мәліметінше, оқиға туристік серуендеу кемесіне мінгеннен кейін болған. Екі ер адам жас жігітке шабуыл жасады. Олар оны жерге құлатып, өлгенше сабайды.

Саяхатшы ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оны қарқынды емдеу үшін Грекиядағы Пирей қалалық ауруханасына ауыстыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ұлыбританиялық жансақтау бөлімінде жатыр және өздігінен дем ала алмайды.

Жас жігітті ұрып-соққан туристерді грек жағалау күзеті ұстады. Олар тергеу изоляторына орналастырылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!