"Эйр Астана" Украинаға рейстерді тоқтатты

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Киевке рейстерін тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасымалдаушының мәліметінше, Украинаның әуе кеңістігінің азаматтық авиация үшін жабылуына байланысты Киевке рейстердің орындалуы келесі хабарламаға дейін тоқтатылды. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына тек билет ақысын қайтару ұсынылады. Басқа рейстерге брондауға тыйым салынады.

Жолаушылар билет ақысын билетті шығарған сәттен бастап жыл ішінде сатып алған жерінен қайтара алады.

Сондай-ақ, "Эйр Астана" 1 маусымнан бастап Черногория астанасы Подгорицаға рейстерге сату ашылғанын, ал Шығыс Еуропаға басқа рейстер әлі жоспарланбағанын атап өтті.

Қазір компания қазақстандықтарды Украинадан шығарумен айналысады. Кеше Алматыға бесінші репатриациялық рейс келді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!