"Эйр Астана" Украинадағы қазақстандықтарды шығаруға дайындалып жатыр

Компания қазақстандықтарды Катовице қаласынан (Польша) Атырауға арнайы рейспен шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Катовицеден рейс 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 02:00-де ұшады.

Қазақстандықтар әрі қарай рейске трансфер үшін 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнен көшесі 3/1 мекенжайындағы ҚР құрметті консулдығына жиналуы қажет. Тел.:. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

"Эйр Астана" компаниясының байланыс телефондары: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!