"Эйр Астана" Ұлттық әуетасымалдаушысы үкіметтік шектеулерге байланысты Түркияға әуе рейстерінің жиілігін қысқартады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, мынадай рейстер тоқтатылады:
- Алматы - Ыстамбұл жұма күндері,
- Алматы - Анталия сәрсенбі күндері,
- Нұр-Сұлтан - Анталия толығымен.
Ал 2021 жылдың 28 сәуірінен мамырдың соңына дейін "Эйр Астана" мынадай бағыттар бойынша тұрақты рейстерді орындауды жалғастырады:
- Алматы - Ыстамбұл сейсенбі және жексенбі күндері,
- Алматы - Анталья сенбі күндері,
- Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл бейсенбі күні.
Әуекомпания тоқтатылған рейстердің жолаушыларын хабардар етеді және жолаушылар билет ақшасын сатып алған жері бойынша толық қайтарып ала алады немесе тарифтегі айырмашылықты қосымша төлей отырып, өз билеттерін басқа күндер мен бағыттарға қайта брондай алады.
Тоқтатылған рейстерге билеттерді брондаған және Анталияда жүргендер үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырылады.
"Эйр Астана" баспасөз қызметіндегілер қосымша ақпарат алу үшін Брондау және ақпарат орталығына +7 727 244 4477, +7 702 702 4477 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!