Еуропалықтардың неліктен аяқкиімін үйде шешпеуінің үш себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Италияда жиі саяхаттайтын тревел-блогер жергілікті тұрғындардың неліктен үйде аяқкиім шешпейтінін білді. Қазақстан халқы үшін түсініксіз әдет туралы саяхатшы "Дзен" платформасында "Лайк Тревел Путешествия" жеке блогында жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Италияда жиі саяхаттайтын тревел-блогер жергілікті тұрғындардың неліктен үйде аяқкиім шешпейтінін білді. Қазақстан халқы үшін түсініксіз әдет туралы саяхатшы "Дзен" платформасында "Лайк Тревел Путешествия" жеке блогында жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бойжеткен өзі сұхбаттасқан жергілікті жер тұрғынының айтуынша, бұл дәстүрдің көпғасырлық тарихы бар: Еуропаның таулы аймағында үйдің едені тастан жасалатын болған, сол себепті жылы аяқкиіммен жүру ыңғайлы болған. Бұл әдет қазіргі заманға дейін жетіп, заманауи еуропалықтарға сіңіп кеткен.

Екінші себебі: италиялықтардың әлемдік сән саласының негізін қалаушы ретінде айқындау мақсатында қалыптасқан.

"Сұлулық құрбандықты қажет етеді! Италияда әрдайым кез келген жерде сымбатты әрі сәнді болып жүру керек. Ойлап көріңізші, әрбір үй костюміне аяқкиім таңдайтын болсақ? Әрбір пижамаға лайықты аяқкиім кию керек болады", - деп мысқылдайды блогердің танысы.

Үшінші себеп: еуропалық көшелердің тазалығы. Кәрі құрлықтың көптеген тұрғындары көшеге киген аяқкиімін үйде де кие беруінің себебі де осы - тазалық. Бірнеше сағат бойы серуендеп үйге келген кезде сіздің кроссовкаңыз әлі де "су жаңа" боп тұрады екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная