ЕО-ға мүше 27 мемлекет Қазақстан мен қазақстандық әуетасымалдаушыларынан ЕО елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеу алып тасталған.
Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілген.
2022 жылы отандық әуекомпанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болған. ЕО сарапшылары ұшуды пайдалану саласындағы сертификаттау, бақылау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, ұшу жарамдылығын қолдау, авиация қызмметкерлерін оқыту және лицензиялау бойынша елеулі жақсартуларды атап өтті.
"Еуропалық комиссияның 2021 жылдан бастап Қазақстанды бақылау кезеңінде елдегі авиациялық билік органдарының жұмыс істеуінің жаңа моделі дамудың және тиімді қалыптасуының оң динамикасын көрсетеді, бұл да Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулері жоқ отандық әуе тасымалдаушыларын дамытуға қолайлы жағдай жасайды", - делінген хабарламада.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша, Қазақстан азаматтық авиация менеджментін реформалаудың сәтті үлгісі болып табылады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!