Грекияда ұлыбританиялық туристің денесі бірнеше сағат бойы жағжайда демалушылармен бірге жатқан, - деп хабарлайды LBC.
Оқиға 16 шілдеде Грекияның Крит аралындағы Сталида жағажайында болған. Кешкі уақытта демалушылар 54 жастағы адамның күн астында бірнеше сағат бойы қозғалыссыз жатқанына назар аударады. Жақындап қараған кезде оның демалмай жатқаны белгілі болған - оған алғашқы көмек көрсеткен, сосын Ираклион аураханасына жеткізген.
Медициналық мекеменің мамандары ұлыбританиялықтың қайтыс болғанын айтқан. Ұлыбританияның СІМ өкілдері өз азаматының қайтыс болғанын растады.
Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!