Менің елім 03 маусым 2024 17:40

"Ешкім жоқ": жолаушы Алматының жаңа терминалын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жаңа терминалдың видеолары пайда бола бастады. Соның бірі желі қолданушыларының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматыдағы жаңа терминалдың видеолары пайда бола бастады. Соның бірі желі қолданушыларының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

TikTok-та Денис Д. атынан ашылған парақша жаңа терминалдағы жағдайды көрсететін видео жариялады. Алдымен ол кезек күтіп тұрған адамдардың жанынан өтеді. Бұл ескі терминалға кіру үшін кезекте тұрған жолаушылар болып шықты.

Содан кейін ол жаңа ғимаратқа кіріп, оның іші әлдеқайда бос екенін көрсетеді.

"Ешкім жоқ. Мүлде жұмыс істемей тұрған сияқты көрінеді. Менің рейсім бірінші болып ұшады екен. Керемет көрінеді. Отырғызу талонын алуға екі минут кетті", - деп жалғастырды ол.

Ер адам өз видеосында Duty Free аймағын да көрсеткен.

"Енді әуежайға ұқсай бастады. Үлкен. Мұндағы көрініс өте әдемі. Әлі ашылмаған дүниелер көп, дүкендер болады", - деді ол.

Әуежайдың баспасөз қызметі танымал видеоға қатысты пікір білдірді.

"Барлық халықаралық рейстерді қолданыстағы терминалдан жаңасына біртіндеп көшіру жоспарланған. Бұл барлық операциялық жүйелерді бірқалыпты интеграциялау мақсатындағы халықаралық тәжірибе. Халықаралық рейстерді жаңа терминалға толық ауыстыру маусымның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады", - деді баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!