Қазақстан астанасы мен Оңтүстік-Шығыс Азияның ең танымал туристік бағыттарының бірі – Пхукет аралы арасындағы жаңа рейс осы күзде іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Астанадан Пхукетке тікелей тұрақты рейстерді Air Astana 26 қазаннан бастап аптасына үш рет орындайды.
"Жаңа әуе қатынасы қолданыстағы Алматы - Пхукет - Алматы тікелей рейсіне қосымша енгізіледі, ол аптасына 5 рет орындалады, ал 26 қазаннан бастап күн сайын болады. Ұшулар келесі кесте бойынша жүзеге асырылады, жергілікті уақыт көрсетіледі:
КС163 рейсінің Астанадан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сағат 21:40-та ұшады, Пхукетке 07:45-те жетеді. Сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Пхукеттен X164 рейсі сағат 09:30-да ұшады, сағат 16:10-да Астанаға жетеді.
Ол жаққа ұшу ұзақтығы – 8 сағат 5 минут, кері қайту - 8 сағат 40 минут", - делінген әуетасымалдаушының хабарламасында.
Рейстер заманауи Airbus A321LR-де екі класты кабина орналасуымен орындалады. Бизнес-класта 16 орын қарастырылған, ал эконом-класта 150 эргономикалық креслолар орналасқан, олардың әрқайсысы ойын-сауық жүйесі бар жеке монитормен жабдықталған.
"Эконом-кластағы алымдарды ескеріп, екі жаққа да билеттердің құны 334 144 теңгеден басталады", - деп атап өтті әуетасымалдаушы.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!