Енді Астана-Ақтөбе бағытындағы пойыз Оралға дейін барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Архив сурет Архив сурет

№ 81/82 Астана – Ақтөбе бағытындағы "Тальго" пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


№ 81/82 Астана – Ақтөбе бағытындағы "Тальго" пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жолаушылар тасымалының баспасөз қызметі мәліметінше, мұндай шешім Орал тұрғындарының көптеген өтінішіне байланысты қабылданған.

"2024 жылғы 19 қыркүйектен бастап "Тальго" пойызының № 81/82 Астана-Ақтөбе бағыты Оралға дейін ұзартылады. Пойыз бір күн сайын жүреді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында қолжетімді және компанияның билет кассаларында", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пойыз шамамен 350 жолаушыны тасымалдай алады. Пойыз Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!