Менің елім 07 маусым 2024 11:21

"Ең жақсы және ең нашар" паспорт аталды: Қазақстан қай орында?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылдың ең "мықты" төлқұжаты аталды, бұл рейтингтің көшбасшысы Канада немесе АҚШ паспорты емес. Еуропа елдеріндегі күтпеген өзгеріс, атап айтқанда: Еуропалық Одақтың "локомотиві" - Германия - бұл жолы Италия, Испания және тіпті Венгрияға жол берген. Tengritravel.kz Visa Guide Passport порталына сілтеме жасай отырып, рейтинг туралы толығырақ мәлімет жинады.

Сингапур паспорты әлемдегі ең "мықты" құжат болып танылды. Индекске сәйкес, бұл төлқұжат иелері 159 елге, соның ішінде Шенген аймағына, Аустралияға, Ұлыбританияға және АҚШ-қа визасыз кіруге құқылы. Мысыр, Сауд Арабиясы және Кувейт сияқты басқа да 27 ел оларға елге келген кезде виза береді.

Екінші орында итальялық төлқұжат, азаматтар визасыз 107 елге бара алады. Сонымен қатар, итальялықтар электрон визамен тағы 10 елге бара алады. Келесі, ең жақсы 10 төлқұжат тізімі мынадай:

  • Сингапур;
  • Италия;
  • Испания;
  • Франция;
  • Венгрия;
  • Австрия;
  • Ирландия;
  • Нидерланды;
  • Бельгия;
  • Швейцария.

Еуропалық Одақтың "локомотиві" Германия 19-орынға ие болды. Немістер 91 елге визасыз бара алады, бірақ Ұлыбритания төлқұжаты айтарлықтай төмендеген. Бұл елдің құжаты 29-орынға тұрақтады.

Ең нашар паспортқа келетін болсақ, ол Сомали азаматтарына тиесілі құжат деп танылды. Олар 169 елге виза алуы қажет.

Қазақстан бұл рейтингте 108-орында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!