Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева сауда және ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар қай күндері жұмыс істемейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шағалтаева Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасында бизнесмендермен болған кездесуде алдағы жексенбі күндері - 2020 жылдың 27 желтоқсаны мен 2021 жылдың 3 қаңтары мерекелік күнге жатпайтынын, тиісінше, бұл күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынғанын түсіндірді.
Елорданың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсанда шыққан қаулысына сәйкес, бұл нысандардың қызметіне жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілген.
25 желтоқсаннан бастап толымдығы отыратын орындардың жалпы санының 30 пайызынан аспайтын жағдайда қызметін қайта бастауға рұқсат етілген кинотеатрлардың жұмысына келетін болсақ, СОО-да орналасқандарына жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Шағалтаева кинотеатрлар 24 сағатқа дейін барлық сеансын аяқтап, толығымен жабылуы керек екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!