Елордада Рим Папасымен бірге мессаға қалай қатысуға болады

14 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Рим Папасы Францисктің қатысуымен ауқымды діни бұқаралық шара өтеді, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық шара алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында ұйымдастырылып отыр.

14 қыркүйекте сағат 16.45-те Мәңгілік ел даңғылы, B1 мекенжайы бойынша (EXPO халықаралық көрме орталығының аумағы, Nur Alem павильонының алдындағы алаңда, стеланың жанында) өтеді.

1 қыркүйек kassir.kz сайтында діни мессаға барғысы келетіндер үшін онлайн-тіркеу ашылды. Тіркелу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және аты-жөнін енгізу қажет.

Барлық қатысушы ғибадат ету шарасына тегін тіркеліп, билет ала алады. Билеттерді сатуға және қайта сатуға тыйым салынады.

Бұқаралық шараға кез келген дін мен конфессия өкілдері қатыса алады. Жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ мессаға қалай түсуге болатыны туралы толығырақ ақпарат Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.

Электронды билет бойынша қонақтар үшін секторға кіруге кепілдік беріледі. Қазақстан өңірлерінен, жақын және алыс шетелдерден қажылар туралы ақпарат алғаннан кейін отыратын орындар саны шектеулі болады.

Жаппай қатысушыларға кептеліс тудырмас үшін жеке көлікті пайдаланбауға кеңес беріледі. Ол үшін арнайы автобус рейстері ұйымдастырылады.

Көлікті тастап, автобустарға ауысуға болатын орындардың мекенжайы:

Алматы ауданы

  • Триатлон-парк (Solo / Astana Music Hall мейрамханасының алдындағы тұрақ, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 1);
  • Оқушылар сарайы (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5);
  • "Қазақстан" спорт сарайы (Иманов көшесі, 9);
  • Нұрлы жол вокзалының алдындағы тұрақ (а-82 көшесі, 8);
  • Ішкі істер министрлігінің көлік тұрағы (Тәуелсіздік даңғылы, 1).

Есіл ауданы

  • "Барыс Арена" көлік тұрағы (Тұран даңғылы, 57);
  • "Астана Арена" көлік тұрағы (Тұран даңғылы, 48);
  • "Астана Опера" көлік тұрағы (Қонаев көшесі, 1);
  • "Астана" /орталық саябақ (Тұран даңғылы, 5/1);
  • "Салтанат сарайы" маңындағы көлік тұрағы (Қабанбай батыр даңғылы, 3).

Сарыарқа ауданы

  • PARK INN тұрағы (Кенесары - Сарыарқа көшелерінің қиылысы);
  • "Нұр-Сұлтан 1" вокзалының алдындағы тұрақ (Гете көшесі, 1).


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!