Блогер Алматы - Нұр-Сұлтан тасжолының жағдайын көрсетті

Тревел-блогер Нүркен Тәжібай Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына апаратын жолдың жай-күйі туралы бір жарым минуттық reels түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ролик авторының айтуынша, ол Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол туралы оқырмандары жиі сұраған соң видео түсірген.

"Қазір көптеген адам көлікпен саяхаттай бастады. Демалыс маусымында ұшақ билеттері өте қымбат, пойызға табу мүмкін емес. Сондықтан менің достарым мен таныстарым көлікпен жүреді. Жолдардың жағдайы қандай екені бәріне қызық, менен тасжолды түсіруді жиі сұрайды", - дейді Нүркен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TRAVEL?VIDEO?DRONE (@nurkentazhibay)

Айтпақшы, бұл автордың жолдың жай-күйі туралы алғашқы видеосы емес. Бұған дейін Ақтаудан Алматыға дейінгі жолды түсірген. Тілшімен әңгіме барысында ол ең нашар учаскелер Ақтөбе облысында болғанын атап өтті.

"Қазір Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі жолдар бөлік-бөлік болып жөнделуде, бірақ шамамен 70 пайызы - айналма жолдар немесе ескі асфальт. Тегіс жолдар - Қарағандыдан Нұр-Сұлтанға дейін", - деді блогер.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!