Еліміздің бірнеше өңірінде рейстер жаппай кешіктіріліп жатыр

Қазақстандағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше қалада әуерейстері кешіктірілген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Астана халықаралық әуежайы қаладағы метеожағдайға байланысты ақпарат таратты. Қазір Астана қаласы әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр.

"Мұндай ауа райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешім қабылдайды. Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ішінде ұшып кететін 7 рейс, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшып кететін 6 рейс, ал ұшып кететін 12 рейс кешіктірілді. Бұл кідірістер қолайсыз метеожағдайлармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен байланысты. Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек", - деп атап өтті әуеайлағының баспасөз қызметі.

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді 8(7172)702-999.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TERMINALS ASTANA AIRPORT MANAGEMENT (@nqz_airport)

Дәл осындай жағдай Ақтөбе қаласында да болды. Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпанға жоспарланған келесі рейстер кейінге қалдырылды:

FlyArystan КС7191/7192 Алматы – Ақтөбе – Алматы;
Air Astana KC965/966 Астана – Ақтөбе – Астана;
FlyArystan КС7391/7392 Астана – Ақтөбе – Астана;
FlyArystan КС7778/7777 Ақтау – Ақтөбе – Ақтау.

8 ақпанда келесі рейстердің ұшуы кестесі өзгертілді:

Qazaq Air IQ399/395 Астана – Ақтөбе – Атырау;
Air Astana KC863/864 Алматы – Ақтөбе – Алматы;
Qazaq Air IQ396/400 Атырау – Ақтөбе – Астана;
Scat DV721/722 Астана – Ақтөбе – Астана;
Scat DV711/712 Алматы – Ақтөбе – Алматы.

Қазақстанға келуді жоспарлаған немесе Қазақстаннан ұшып кетуді жоспарлаған жолаушылар өз әуекомпанияларымен байланысып, рейстері туралы жаңартылған ақпараттан хабардар болып отыруы қажет.

"Әуежайды қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жалпы 23 арнайы техника тартылды", - делінген әуежай таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек Алматы әуежайында да ұшақтар кешіккен. Мәселен Астанаға ұшуға тиіс екі рейс және Ақтөбеге ұшуға тиіс бір рейс кейінге қалдырылды. Сонымен қоса Астана, Орал, Атырау, Семей және Ақтөбеден ұшып келуге тиіс ұшақтар да кешігіп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!