Көрнекі сурет@Shutterstock Көрнекі сурет@Shutterstock

​Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді


Қазіргі уақытта елімізде 57 ішкі бағытта 605 ішкі тұрақты әуе рейсі орындалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қалпына келтірілген ішкі рейстер бойынша ақпарат жариялады.

"Ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше,  төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстандықтарға аптасына 583 ішкі әуе рейсі қолжетімді Қазақстандықтарға аптасына 583 ішкі әуе рейсі қолжетімді
Алматы облысында сирек кездесетін қара құмайлар суретке түсірілді Алматы облысында сирек кездесетін қара құмайлар суретке түсірілді
Лоукостер Нұр-Сұлтаннан Бішкекке рейс ашады Лоукостер Нұр-Сұлтаннан Бішкекке рейс ашады