Дубай - Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

2021 жылдың 12 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

2021 жылдың 12 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

Бұл күні Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

1 945 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 639 адам, анықтамасыз 306 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына - 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;
  • Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді. Олар карантиндік стационарларда нәтижесін күтіп жатыр.

Сонымен қатар, 11 ақпанында анықтамасыз келген 425 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша, Дубай - Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная