Джаздан рокқа дейін. Туристер арасында танымал Алматы музкафесі

Алматы - жалпы қазақстандық мәдениеттің, атап айтқанда музыканың эпицентрі. Мұнда атақты қазақстандық композиторлар шығармашылықпен айналысты, алғашқы музыкалық театрлар мен алғашқы қазақстандық эстрадалық ансамбльдер құрылды. 1990 жылдан бастап "Медеу" биік таулы спорт кешенінде бірегей халықаралық "Азия Дауысы" музыкалық фестивалі өткізіліп келеді.

Қазақстанның ең үлкен мегаполисінде кез келген күні музыкалық топтардың түрлі алаңдардағы концертін тамашалуға болады. Біз әуеде ноталар қалқитын, үстелі дәмге толы музыкалық кафелер туралы айтамыз.

Музкафе

Мекенжайы: Абай даңғылы, 117, Клочков көшесінің қиылысы.

Бұл кафенің қос залында күнде жанды дауыста орындаушылар өнер көрсетеді. Репертуары да алуан түрлі: джаз, әлемдік жұлдыздардың концерттері және акустикалық музыка. Негізінен алматылық топтарға басымдық беріледі, сонымен қатар шетелдік қонақтарды да кездестіруге болады.

"Өте андеграунды орын... Әртүрлі жастағы көрермендер, бірақ ең бастысы, музыка әуесқойлары", - деп жазады келушілер.

EverJazz джаз-клубы

Мекенжайы: Зенков көшесі, 24

Алматы қаласының алғашқы кәсіби джаз клубы саналады. Репертуарында джаз, босанова, фанк, блюз, соул және фламенко бар. Клубтың музыкалық бағдарламасы негізінен қазақстандық және ресейлік джаз мектебінің музыканттарының шығармаларынан құралған, алайда әлемдік сахна жұлдыздары да жиі өнер көрсетеді.

"Джаз әуесқойлары үшін нағыз Мекке. Керемет музыка, атмосфералық орын", - дейді меломандар.

Панфиловтағы Harat's Pub

Мекенжайы: Панфилов көшесі, 110 (Бөгенбай батыр, Қарасай батыр көшелерінің арасында).

Бұл классикалық ирландиялық паб, онда қазақстандық орындаушылар гранжа-дан рок-н-роллға дейінгі жанрларда өнер көрсетеді.

"Керемет атмосфера, жайлы, музыка - супер", - деп жазады келушілер.

"Танцы" бары

Мекенжайы: "Отырар" қонақ үйі, Гоголь көшесі, 73.

Мұнда музыка тыңдап қана қоймай, аты айтып тұрғандай би билеуге де келеді. Сағат 22:00-ден бастап алматылық музыкалық топтар өнер көрсетеді, одан кейін сахнаға диджейлер шығады.

"Жағымды атмосфера, қатты жанды музыка және би алаңын қоршап тұрған бірнеше бар-дың болуы осы жерді ерекше етеді. Өте мейірімді қызметкерлер", - деп жазады келушілер.

Harvey’s Almaty

Мекенжайы: Назарбаев даңғылы, 223, "Алма-Ата" сауда орталығы.

Бұл мекемеде күнбе күн life бэндтер өнер көрсетеді, олардың кестесін әлеуметтік желілерде қадағалауға болады. Таңдау үлкен - поп-тан рокқа дейін.

"Атмосферасы керемет, әсіресе демалыс күндері life бэндтер өнер көрсетеді! Асханасы өте жақсы, әсіресе гамбургерлер. Орналасқан жері өте ыңғайлы. Бағасы орташадан сәл жоғары", - деп жазады риза болған клиенттер.

Сондай-ақ жанды музыканы Fort Vernyi, Life Grill cafe кафесі, Нarsharab мейрамханасы, Guinness Pub, Тhe Банка Bar, Chechil pub желілерінде тыңдауға болады.