Димаштың концерті Алматыға шетелдік туристердің келуіне түрткі болды. Қаладағы қонақүйлерде жүктеме жоғарылағаны байқалады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстанның ең ірі қаласындағы қонақүйлердің жоғары жүктемесі туралы Twitter пайдаланушысы мәлімдеді.
Мне в отелях сказали, что в город приехали иностранные фанаты Димаша Кудайберген на концерт 23 сентября, и оккупировали все отели. https://t.co/cBwodhMv51
— arsenio (@samrukmasa) September 19, 2022
Алматы туризм басқармасы шетелдіктердің көптеп келуі туралы ақпаратты растады.
"Алматы қонақүйлерінде шетелдік туристердің келуіне байланысты жоғары жүктемелер байқалады. Олардың арасында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында концерт беретін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтің жанкүйерлері бар", - деді басқармадағылар.
Басқармада "Тикетон" сервисінің деректеріне сілтеме жасалды, оған сәйкес 50 елден келген туристерге шамамен 21 000 билет сатылды.
"Сондай-ақ, бүгінде Алматыда туристік ағынның өсуі байқалады. Жыл соңына дейін қалаға 300 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде", - деп толықтырды ведомстводан.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!