Димаш Құдайбергеновтің Алматыдағы концертіне 65 елден 20 мың адам жиналды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Туризм индустриясы комитетінің басшысы хабарлады.
"23 қыркүйекте өткен және түрлі БАҚ-та атап өтілгендей, 65 елден 20 мыңға жуық адам жиналған Димаш Құдайбергеновтің концерті. Сондықтан мұндай іс-шараларды, соның ішінде әлемдік ауқымдағы шараларды қолдау сырттан келушілер туризмін дамытудың драйвері болып саналады", - деді МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Ол осы мақсаттар үшін және жалпы сала үшін барлық санаттағы туристің келуіне қолайлы жағдай жасау қажет екенін айтты.
"Осыған байланысты біз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп жатырмыз, соның ішінде еліміздің барлық келушілерінің пікірлері қаралып жатыр және қажет болған жағдайда кері байланыс беріледі", - деді ол.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!