Қысқы демалыс күндерін жанымызға да, денсаулығымызға да пайдалы етіп өткізгіміз келері анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен қала шуынан алыс, демалысты қай жерлерде өткізуге болатыны жайлы баяндайды.
Астана тұрғындарының ең сүйікті ойын-сауық кезеңі - қыс мезгілі. Сырғанақтар, тюбинг, конькиде сырғанау, хаскимен серуендеу т.б. жетіп артылады. Мұндай ойын-сауық қалада да бар, бірақ кейде атмосфера ауыстырып, шытырман оқиғаны бастан өткізгіңіз келеді. Қала ішінде мұндай уақыт өткізуге арналған орындар бар, бірақ кейде жағдайды өзгертіп, шытырман оқиға рухын сезінгіңіз келеді. Біз Астана маңында уақытты жақсы өткізуге болатын пайдалы орындарды таңдап сіздерге ұсынамыз.
Қосшы қаласы бұрыннан қала сыртында демалушылар үшін тартымды орынға айналды. Нұра өзенінің жағасында көптеген демалыс орындары орналасқан. Мысалы, Green Park және "Чистые пруды". Мұнда нағыз қысқы ертегі дерсіз: қар көлігімен серуендеуге, коньки тебуге және сырғанауға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, мұнда қысқы пейзажда хаски иттерімен әдемі фотосуреттер түсіруге болады.
Сондай-ақ, "Нұра" демалыс үйі де бар, мұнда сіз қыстың барлық қызығын көресіз, атқа міну, конькимен сырғанаумен қатар нағыз қыстың табиғатын тамашалай аласыз. Балық аулауды сүйетіндер үшін қаладан 30 минуттық жерде "Столичные раки" атты тамаша жер бар. Балық аулау үшін сізге құрал-жабдықпен жақсы көңіл-күйде таңертең өзен жағасына келу керек. Ыңғайлы пирс, беседкалар, үйлер мен мейрамханалар бар. "Арлан" қонақ үйі өз қонақтарын әдеттен тыс қысқы бағдарламасымен таң қалдырады: аязды ауада жылытатын глинтвейн мен имбирь тоқаштары ұсынылады. Мұнда сізге керлинг немесе хоккей ойынын ұйымдастырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айдарлы ауылында (Красный горняк) қарағайлы орманға қарайтын көркем жерде Family Garden демалыс аймағы орналасқан. Мұнда таза ауада глинтвейн мен отқа пісірілген картоптың дәмін татуға болады. Аязды ауа мен ыстық от, мұзды суат және ыстық монша - мұнда кереметтің бәрі бар. Олардың барлығы демалушыларға пайдасын тигізеді, олар да қарда жүруді немесе түрлі-түсті ат шаналарындасеруендеуді ұнатады. Ал мейрамханада дәмді түскі астан кейін үлкен топпен үстел ойындарын ойнауға болады.
Фото @pixabay
Астанадан 20 минуттық жерде орналасқан Аққайың ауылында (бұрынғы Малотимофеевка) шаңғы тебуге болады. "Балқарағай" демалыс аймағы шаңғы сноуборд, шана тебуге арналған тік сырғанақ жоладрын ұсынады. Еңістің биіктігі 20, ұзындығы 200 метр. Бұл ең тік және ең қиын еңіс емес, бірақ оны жаңадан бастағандар ұнатады. Бұл демалыс орталығының басты ерекшелігі - түнде шаңғы тебуге болады. Түн, еңіс, шамдар мен гирляндтардың жарығы, аязды ауа - ұмытылмас атмосфера мен сезімге толы. Ең бастысы жылы киініп, топпен бару. Топпен жүру қызықты болады.
Аңшылық пен атуды сүйетіндерге Қоянды су қоймасы мен Қоянды ауылы - "Золотой фазан" демалыс аймағында демалу ұсынылады. Ұйымдастырушылар әдеттегі іс-шаралардан басқа, қонақтарға ату мен аң аулауға қажеттінің бәрін дайындап қойды. Садақ ату, арбалет, мылтық ату бар. Сіз қырғауыл немесе қоян, жабайы қабан мен қазды аулай аласыз. Сондай-ақ мұнда пони, ат және түйеге мінуге болады. Қонақтарға жабық бассейн, сауна, кабиналар, шағын бөлмелер, мейрамхана және ұзақ экстремалды слайд ұсынылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шыңдарды бағындырғысы келетін, бірақ Алматыға жуық арада жете алмай жүргендер үшін Имантау көліне баруға болады. Ол астанадан екі сағаттық жерде орналасқан. Мұнда ең танымал кезең жазда болғанымен, қыста да бұл жер өте әдемі. Мұзды көлді қарағай мен қайың, тау мен жартас қоршап тұр. Сонымен қатар, жақын жерде жабдықталған кемпинг бар, онда электр жарығы, ас үй, сауна және мангал бар.
Көлге жылы киім, ыңғайлы аяқ киіммен келу керек, өйткені су қоймасының айналасында тек жаяу жетуге болатын көркем жерлер бар: оңай көтерілетін Котелок шоқысы, айналаның әдемі көрінісі бар Угловая төбесі, Ракельский үңгірі, оған бөрене жолы апарады және бақылау алаңы созылып жатыр, жағалаудан төрт шақырым жерде орналасқан Казачий аралы жүрек пішінді, Буян шатқалы өзінің арша тоғайымен ерекшеленеді. Тау жыныстарының ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 660 метрді құрайды.
Зеренді көлі Имантау маңында орналасқан - құнды табиғат ескерткіші. Бұл жер мөлдір су, жартастар мен қылқан жапырақты ормандармен қоршалған демалыс орны. Мұндағы инфрақұрылым Бурабайдағыдай жақсы дамымағандықтан, жабайылар табиғатта демалушылар жиі келеді.
Жақын маңдағы "Зеренда Парк" немесе "Аврора Гарден" сияқты демалыс орындары тұратын жер, тамақтану, монша ұсынса, кейбіреулері қысқы ойын-сауыққа жағдай жасаған. Zeren сияқты басқалары сізді сауықтыру ем-шараларымен қуантады: сумен емдеу, ингаляциялық, фитобар, балқарағай бөшкелері және детокс бағдарламасы.
Бұл жер қыста уақытты белсенді өткізіп, шыңдарды бағындыруды ұнататындар арасында сұранысқа ие. Жылдың осы мезгілінде, әрине, тек арнайы құрал-жабдықтармен және тек кәсіпқойлар үшін жартастармен жүру ұсынылады. Соған қарамастан, Зеренді айналасына экскурсиялар, шаңғы тебу мен шанамен сырғанау, қысқы орманда серуендеуге болады. Сонымен қатар, мұндай турлар бағдарламасына Қазақстандағы жалғыз көбелектер мұражайына бару кіреді. Бір күндік турдың құны 15 мың теңгеден аспайды, ал мұндай демалыстан кейінгі күш-қуатыңыз наурыз мерекелеріне дейін жетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Егер жаныңыз әдемі табиғатты қаласа және көліктің жанармайын толтырып, өзіңізбен бірге шай мен жеңіл тағамдар алып, Сілеті өзенінің маңына барыңыз. Оның жағасының биіктігі 40 метр. Өзеннің тік иілісі, жартастары мен жан-жаққа созылып жатқан шоқылары бұл жерді "даладағы кеңістік" деген лақап атқа ие болуына себепші болды. Осы аттас ауылдың жанында Сілеті су қоймасы орналасқан. Мұнда балық аулауға баруға болады. Бұл жерлерде ыңғайлы демалыс орындары жоқ. Дегенмен, атмосфераны өзгерту, таза ауа және әдемі фотосуреттер үшін бір күндік саяхаттауға тұрарлық.
Астанадан Бурабайға баратын жолда бір сағаттан кейін Ақкөл қаласына жетуге болады. Бұл шағын қала ну ормандармен қоршалған. Мұнда сіз табиғатпен етене байланысып, күш-қуат аласыз, тіпті орман жануарын да кездестіріп қалуыңыз мүмкін. Көптеген адамдар мұнда шатыр мен мангал алып, көлікпен келеді, бірақ сонымен қатар ең жақын туристік кешенде, курорттық немесе заманауи инфрақұрылымы бар демалыс аймағында бөлме жалға алуға болады.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.