Бурабайдағы жаңа жыл: үйді қаншаға жалға алуға болады

Жаңа жылды көл жағасындағы саяжайда отбасы және достарымен қарсы алу – көптеген қазақстандықтың арманы. Krisha.kz сарапшылары Щучье-Бурабай курорттық аймағында тұру бағасы мен шарттары туралы әңгімелейді, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бурабайда үйді жалға алу қанша тұрады

Жаңа жылға арналған бағалар келесідей:

  • ең төменгі баға – 80 мың теңге;
  • ең көбі – тәулігіне 600 мың теңге.

Бурабайдағы жалдау ерекшеліктері

Жалға алудың барлық нұсқасын екі топқа бөлуге болады:

  • жеке үйлер мен саяжайлар;
  • демалыс орындарында орналасқан коттедждер мен бөлмелер.

Үйлер мен саяжайлар

Бұл санатта 4-6 адамға арналған саяжайдан 40 қонаққа арналған 3 деңгейлі коттеджге дейінгі нысандар бар. Бір ерекшелігі – көбі үйдің бағасын емес, ұйықтайтын орынның ақысын көрсетеді. Ал басқа үй-жайлар үшін жеке төлем қарастырылған.

Мысалы, тоғыз жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі, ас үйі, бильярд бөлмесі және моншасы бар үйді жалға алуға болады. Әр жатын бөлме үшін жалға беруші 15 000 теңге, би алаңы мен камині бар қонақ бөлмені жалға алу үшін – 50 000 теңге сұрайды. Үлкен, 2-3 деңгейлі коттедждер көбінесе бірнеше жалға алушыларға жалға беріледі: әрқайсына жеке-жеке бір қабат.

Сонымен қатар, үй иелері қонақтарға мерекелік үстелге қызмет көрсету мен тамақ дайындаудан бастап ойын-сауық шоулары мен атпен серуендеуге дейін әртүрлі қосымша қызметтерді ұсынады.

Демалыс аймағы

Қонақ бөлмесі, ас үйі және жатын бөлмелері бар жеке коттедждер немесе жай жатын бөлмелері мен бөлек банкет залы жалға беріледі. Нөмірдің орташа құны - тәулігіне 25 000 теңге.

Кейбір демалыс орындары тек ұйықтайтын бөлмелерді жалға ұсынады, ал мерекенің өзін мейрамханадағы басқа қонақтармен бірге атап өтуге болады.

Шоу-бағдарламасы бар банкет бір адамға 30 000 теңге тұрады.

Не үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді

Брондау кезінде бағаға не кіретінін тексеріңіз. Беседка, сауна, бассейн, бильярд, караоке және әртүрлі қызметтерді пайдалану үшін, әдетте, қосымша ақы төлеу керек.

Орташа бағалар мынадай:

  • монша (1 сағат) - 5 000 теңгеден бастап;
  • бильярд (1 сағат) - 10 000 теңгеден бастап;
  • беседка мен мангалды жалға алу - 5 000 теңгеден бастап;
  • тұрақ орны - 2 000 теңгеден бастап.

Барлық сурет: krisha.kz

Сондай-ақ, көптеген үй иелері қосымша қонақтар үшін ақы алуы мүмкін. Мысалы, егер сіз жаңа жылды тойласаңыз, иесімен алдын ала келісілгеннен гөрі көп адам болып баруыңыз мүмкін.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!