Бурабайда квадроцикл мінген екі қыз аударылып кетіп, біреуі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Nayzakokshe мәліметіне сілтеме жасап.
Курорттық аймақтағы қайғылы оқиға 27 шілдеде болған. Квадроцикл Үлкен Шабақты көлі маңындағы ұзақ бұрылыста аударылып қалған. Көлікті астаналық қыз жүргізген, оның жолаушысы да астаналық. Екі қыз да студент.
Зардап шеккендер Бурабай ауылынан аудандық ауруханаға жеткізілген. Тізгінде болған қыз аман қалған, ол бірнеше жарақат алған. Жолаушы қыз басынан жарақат алып, комаға түскен.
19 жастағы астаналық қызды аман алып қалу мүмкін болмады. 28 шілдеде жәбірленуші есін жимай қайтыс болды. Оның жиырма жасқа толғанына бірнеше ай қалған еді. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!