Бурабайда қонақүйлердің жағажайлары ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облысы ТКҚСҚБД баспасөз қызметінен Сурет Алматы облысы ТКҚСҚБД баспасөз қызметінен

Бурабай және Зеренді көлдеріне жақын блокпосттар алынып тасталып, жағажайларға баруға рұқсат берілді. Бірақ тек курорттық қонақүйлерде демалатындарға ғана арналады,- деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бурабай және Зеренді көлдеріне жақын блокпосттар алынып тасталып, жағажайларға баруға рұқсат берілді. Бірақ тек курорттық қонақүйлерде демалатындарға ғана арналады,- деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

7 тамыздан бастап Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарындағы қонақүйлерде ақылы жағажайларда демалуға болады. Сондай-ақ, өз бетімен жағажайда демалуға тыйым салынады. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина хабарлады. Ол қоғамдық жағажайларға әлі де тыйым салынғанын айтты. Айта кетейік, осындай өз бетімен демалуға тыйым салу Алакөл көлінде де енгізілген.

"Жарлыққа сәйкес, барлық жағажайлар жабылды. Әкімдікке жеке жағажайлардың иелері жүгінгеннен кейін, мобильді топ сараптама жүргізді, белгілер, маскалар, антисептиктер болуын қадағалады. Нәтижесінде біз мобильді топпен қонақүйлерде жағажайларды ашуға рұқсат алдық. Блокпосттар алынып тасталды. Біз қонақүй иелерімен санитарлық нормаларды сақтау тәртібін жасап шығардық және олар барлық талаптарды сақтауға уәде берді", - деді Айнагүл Мусина.


Сурет Алматы облысы ТКҚСҚБД баспасөз қызметінен

Айта кетсек, Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, қонақүйлер толып кетпес үшін демалушылар жағажайға белгіленген уақыт бойынша баратын болады. Жағажай аумағы бір адамға төрт шаршы метрге есептелген. Сонымен қатар, дәрігер бақылау топтары екі апта ішінде карантиндік шаралардың сақталуын қадағалайтындығын, егер заң бұзушылықтар анықталса, рұқсаттың күші жойылатынын айтты.


Сурет Алматы облысы ТКҚСҚБД баспасөз қызметінен

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантин шараларын, әлеуметтік қашықтықты, маска режимін және басқа да талаптарды сақтауға шақырады. Демалушылардың жауапкершілігіне олардың денсаулығы және айналасындағы адамдардың денсаулығы тығыз байланысты.


Сурет Алматы облысы ТКҚСҚБД баспасөз қызметінен

Еске салайық, коронавирустың таралуымен күрес барысында карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары 21 шілдеден бастап туристер үшін жабылған еді. Осы аймақтарға кіре берісте блокпосттар орнатылып, көлік қозғалысы шектелген. Бұрын келген туристер қонақүйлерде және санаторий-курорттық мекемелерде қала алады. Ал қонақүйлерге алдын ала брондауға тапсырыс алуға тыйым салынған. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная