"Бұл Қазақстан ба?" Жұмбақ пейзаж Қазнетті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде Асы үстіртінің ерекше атмосферасын көрсететін видео тарады. Видео мыңдаған қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Асы үстіртінің ерекше атмосферасын көрсететін видео тарады. Видео мыңдаған қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тілшімен сұхбатында Нұршат Узер 6 жылдан бері видер түсірумен айналысатынын айтты. Ол видеосы жергілікті туризмді насихаттау мақсатында түсірілгенін атап өтті. Нұршаттың айтуынша, осы бағытпен жүріп, ауа райының кенеттен өзгеруіне тап болуыңыз мүмкін.

"Бартоғай су қоймасына қарай 1 шақырым жүрсеңіз, сізді салқын тау жаңбыры күтуі мүмкін, содан кейін сәл әрі қарай жер бетіндегі пейзаждар Марстағыдай құбылып, жартасты таулар көрінеді", - деді автор.

Нұршат Қазақстанның, атап айтқанда, Алматы облысының табиғатының барлық сұлулығын айтып жеткізу мүмкін емес екенін баса айтты. Мұндай жерлерге барған сайын жаңа әсер аласың.

@theuzrn Проехали 170 км по плато Ассы: от Тургеня до Кокпека! Величественные горы, чистый воздух и свобода ⛰️ #платоассы #travel #videography #cinematic #sonyalpha #fyp ♬ оригинальный звук - Нуршат

"Көз арбайды", "Қандай әдемі", "Кинодағыдай", "Бұл Қазақстан ба?" "Сондай керемет көрініс", "Мынау ғажайып", - деп жазды пікір білдірушілер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная