Бұл қателік сізді ұшақ бортына жібермеуге себеп болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Бұл ереже халықаралық сапарларға жиі шығатын саяхатшылардың назарынан тыс қалып жатады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі HaffPost сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бұл ереже халықаралық сапарларға жиі шығатын саяхатшылардың назарынан тыс қалып жатады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі HaffPost сайтына сілтеме жасап.

Сапар алдында паспортыңыздың жарамдылық мерзімін ғана емес, ондағы бос беттердің санын да тексеру қажет.

Көпшілігімізге паспорттың саяхаттарымыз туралы естеліктерге толы кітапшаға айналғаны ұнайды. Бірақ паспорттағы мөрлер саны уақыт өте келе проблемаға айналуы мүмкін.

"Көптеген саяхатшының назарынан тыс қалатын ережелердің бірі – визаларға, сондай-ақ кіріп-шығу мөрлеріне арналған бос беттердің жеткілікті болуы", – дейді визалық орталық қызметкері.

Сіз баратын елде паспортта қанша бос бет болуы керектігін алдын ала анықтап алыңыз.

"Кейбір елдерде паспортта визалар немесе мөрлер үшін кемінде екі-төрт бос бет болуы талап етіледі, сондықтан кейбір әуекомпаниялары бұл талап орындалмаса, сізді ұшаққа жібермейді", – дейді виза маманы.

Сондай-ақ, саяхатшылар кей елдерде паспорттың халықаралық сапар күнінен кейін үш-алты айдан кем емес мерзімге жарамды болуы қажет екенін есте ұстауы керек.

Бұл ереже қолданылатын елдердің тізімі айтарлықтай көп. Олардың арасында туристер жиі баратын елдер де бар.

Сонымен қатар, кейбір елдерде шекарадан өту туралы растау мөрлері қойылатын беттер виза үшін қолданылатын беттерге жатпайтынын да есте сақтаған жөн.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная