Халық аузындағы аңыздардың астарында адамзат тәжірибесі мен ата-баба даналығы ғана емес, туған жер байлығын мұра ететін ұрпаққа жолдау да жататыны сөзсіз. Бұл жолы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Иса атаның Сарыағаш жайлы айтылған сәуегей болжамдарының қаншалықты орындалғаны туралы баяндайды.
Аңыз бойынша, сәуегей қарт XVII ғасырда Оңтүстік Қазақстанда өмір сүрген. Тұрғындар бұл жерге атақты дәрігерді Самарқандтан шақырған. Ол туыстарымен осында көшіп келеміз деп шарт қояды. Сөйтіп, Сарыағашқа келіп, өмір сүре бастайды. Ақсақал ауыр дертке шалдыққандар мен бала көтере алмаған аналарды емдейді. Сәуегей бұл өлкеден мол байлық табылады деп болжаған екен. Алғыс ретінде ұрпақтары оған арнап "Сарыағаш" шипажайынан 6 шақырым жерде кесене тұрғызған.
Сурет Түркістан облысының ресми туристік ақпараттық порталынан
1946 жылы бұл жерге "СредАзнефтеразведка" тресінің геологтары келді. Олар Келес өзенінің сол жағалауындағы құмды төбелерден мұнай іздеген. Мұнай орнына минералды суларды табады. 1400 метр тереңдіктегі ұңғымалардың бірінен ыстық минералды су ағылады. Дәл осындай су басқа ұңғымадан да шығады.
1949 жылы Николай Семашко атындағы Өзбекстан курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері бұл минералды суды зерттеуге кірісті. Ал 1951 жылы бір ұңғыманың жанына бассейн құрылады. Дәрігерлердің қатаң бақылауымен адамдар онда сумен емделе бастайды.
1954 жылы мұнда 75 орындық тұрғын үй павильоны ашылды. Сегіз шомылатын бөлмесі бар әйелдер бөлімі және 12 шомылатын бөлмесі ерлерге арналған бөлімі, душ кабиналары бар ванна пайдалануға берілді.
Сурет "Сарыағаш" шипажайының ресми сайтынан
1958 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев минералды су кен орнында болды. Ол сол кезде республиканың бүкіл өнеркәсіп өндірісін, оның ішінде түсті металлургия кәсіпорындарын, көмір және мұнай өнеркәсібін, электр станцияларын, темір жолдарды, көлік және автомобиль көліктерін, қорғаныс зауыттарын басқарып тұрды.
Кен орнын аралаған Дінмұхамед Қонаев осы жерден шипажай ашуды ұсынып, 1959 жылы 1 наурызда дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін болашақ шипажайдың алғашқы тасын қалады. 250 орынды бірінші толыққанды курорттық кешен 1963 жылдың аяғында ашылды. Қазір Дінмұхамед Қонаевтың бюсті "Сарыағаш" шипажайының бас ғимаратының жанында тұр. Ескерткіш 2012 жылы орнатылған.
Фото © "Сарыағаш" емдеу-оңалту кешені
Сарыағаш қаласы Түркістан облысында, қазақ-өзбек шекарасына жақын жерде, Келес өзенінің бойындағы бау-бақша мен саябақ аймағында орналасқан. Сарыағаш шипажайындағы орындардың барлығы Сарыағаш қаласынан 15-16 шақырым жердегі Көктерек елді мекенінде, табиғи минералды су көзінің қасында орналасқан.
Сарыағашқа 40-тан астам курорттық аймақ кіреді. Кешендердің 35 пайызы жаңа және соңғы бес жылда пайдалануға берілген. Қалғаны - кеңестік дәуірдің мұрасы. Олардың кейбіреулері жөндеуді немесе қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Біз WE project, Tourister.ru және The Open Asia порталдарының ақпараты бойынша ең танымал санаторийлер туралы баяндаймыз.
© Shutterstock
Келушілер минералды бұлаққа санаториялық ем алу үшін барады: минералды сулар, емдік балшықтар мен термалды сулардың көмегімен қалпына келтіру. Емдеу әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол әр келушіге оның ауруы мен қарсы көрсеткіштеріне байланысты жеке тағайындалады.
© Shutterstock
Минералды сулардың артықшылықтарына қарамастан, кез келген адамды осылай емдеуге болмайды. Белсенді асқазан жарасы, ішкі қан кету, өңештің өткізгіштігімен байланысты дерттерде бірқатар қарсы көрсеткіштер бар. Шипажайға барар алдында дәрігермен кеңесу керек.
"Сарыағаш" шипажайы
Қазақстандағы ең танымал шипажайлардың бірі – бальнеологиялық "Сарыағаш" курорты (шипалы балшық пен минералды суларды емдік-профилактикалық пайдалану) болып табылады.
Сурет "Сарыағаш" шипажайының ресми сайтынан
Шипажай аумағында емдік минералды сулы жер асты бұлақтары бар. Бұл аймақта асқазан-ішек жолдарының ауруларына тағайындалған натрий гидрокарбонатты минералды сулар да бар. Минералды суды ішу бауырдың, несеп-жыныс жүйесінің созылмалы ауруларына, минералды зат алмасудың бұзылуына, қант диабетінің жеңіл түрлеріне ұсынылады. Емдік балшық терапиясы да қолданылады.
Диетаны қажет ететіндер үшін арнайы мәзір ұсынылады. Бос уақытыңызда экскурсиялық бағдарлама бойынша Өзбекстан мен Қазақстанның ең жақын ірі қалаларына баруға болады.
"Сарыағаш" шипажайында тұру, шипажайдың ресми сайтында бөлінген класына байланысты тәулігіне 9 500 теңгеден 18 000 теңгеге дейін барады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Алтын Бұлақ" шипажайы
Шипажай Шымкент қаласынан 130 шақырым жерде Сарыағаш курорттық аймағында орналасқан 4 жұлдызды оңалту мекемесі. Ол 2002 жылы ашылды. "Алтын бұлақ" жалпы аумағы 103 гектарды алып жатыр, оған шипажай, жатақхана, екі құдық, саябақ және көл кіреді. Курортта гольф клубы мен теннис корты бар.
Сурет "Алтын Бұлақ" шипажайының ресми сайтынан
Минералды сумен емдеу зат алмасуды қалыпқа келтіреді, ағзадағы қышқылды төмендетеді, бүйрек, бауыр және асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, демалыс орнының көл мен орманға жақын болуы денсаулыққа оң әсер береді.
"Алтын бұлақ" санаторийінде тұру және емделу құны таңдалған қызмет көрсетуіне байланысты күніне 34 000 теңгеден басталады.
"Арман" санаториі
"Арман" санаторийі 1982 жылы құрылған және бастапқыда КСРО Ішкі істер министрлігі қызметкерлерін сауықтыру және демалу үшін арналған еді. Қазір бұл санаторийде барлығы емделе алады.
Шипажайда асқазан, он екі елі ішек, бауыр, ішек, бүйрек, тірек-қимыл аппараты, қант диабеті, қабыну сипатындағы урологиялық және гинекологиялық аурулар, сондай-ақ, бедеулік сияқты ауруларды емдеу қарастырылған.
Сурет VisitkKazakhstan.kz туристік порталынан
Табиғи минералды су 1861,4 метр тереңдіктегі өз ұңғымасынан алынады. Судың емдік қасиетін оның құрамындағы микроэлементтер – калий, натрий, кальций, темір, марганец, молибден, мыс және мырыш арттырады.
Сондай-ақ, кешен басшылығы Шымкент, Түркістан, Ташкент және Самарқанд қалаларына арналған сапар ұйымдастырады. "Арман" шипажайында тұру таңдалған кластына байланысты тәулігіне 10 000 теңгеден 16 500 теңгеге дейін барады.
"Ақ тілек" санаториі
"Ақ тілек" емдеу-сауықтыру кешені асқазан-ішек жолдары, тірек-қимыл аппараты, орталық жүйке жүйесі, тыныс алу жүйесі, жүрек-тамыр жүйесі, сондай-ақ урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеу және алдын алумен айналысады. Қосымша қызмет түрі жалпы классикалық және емдік массаждан спорттық және антицеллюлитке дейін әртүрлі массаж болып табылады, сонымен қатар, бал және монша массажы, мануалды терапия және су астында омыртқаны тарту да ұсынылады.
Шипажай СПА бөлімі қызметтерін де көрсетеді, онда үлкенді-кішілі бассейндер, джакузи, түрік хаммамы мен фин саунасында буға түсіп, тұз бөлмесі мен балқарағай бөшкесінде ем алуға болады.
"Ақ тілек" шипажайында тұру таңдалған класына байланысты күніне 12 000 теңгеден 42 000 теңгені құрайды.
Сурет "Ақ Тілек" шипажайының ресми сайтынан
Aray Deluxe шипажайы
Кешеннің медициналық базасы мүйіз, селен, шырша, йод-бромды, скипидар, магний, хош иісті ванналар, джакузи сияқты минералды су негізіндегі ванналардан тұрады. Су астындағы массажды және Шарко душтарынан бастап көтерілетін және айналмалы душқа дейін барлық түрлері ұсынылады. Физиотерапияның әр түрі ұсынылады: лазерлік терапия, қанның тамырға лазерлік сәулеленуі, магнитотерапия, ультрадыбыстық терапия, шөптік дәрілер, оттегі коктейлі, шөптермен ингаляция жасау.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сарыағаш минералды суы аз минералды және құрамында гидрокарбонат бар, қандағы карбонат жетіспеушілігін қалпына келтіріп, қанның сілтілі қорын арттырады. Сондай-ақ, оның құрамында ванадий бар, ол ағзадағы қантты азайтатын қабілетімен ерекшеленеді.
Сарыағаш қаласы құрметті қонақтарды да жиі қабылдайды. 2018 жылы Сарыағашта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Президенті Владимир Путин және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесуі өткен.
Сурет Ақорданың баспасөз қызметінен
Сарыағаштағы шипажайлардың біріне белгілі ресейлік актриса Ольга Кузьмина да келді. Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісінде санаторий жайлы мынадай жазба қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
© Shutterstock
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.