Бұқтырма су қоймасында қайық батып кетті: тергеу басталды

Бұқтырма су қоймасында адамдар мінген қайықтың суға басып кету дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, қайық экипажының кінәсі туралы қорытынды жасауға әлі ерте екені айтылды.

"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл сараптама кеменің суға бату себептерін анықтайды. Осыдан кейін ғана қандай шешім қабылдау керек екені белгілі болады", - деді полициядағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына 24 адам мінген қайық батып кеткені хабарланған болатын. Оқиға жексенбіде сағат 19:00-де "Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған. Суға батып бара жатқан қайыққа жағадағы демалушылар көмекке келген. Олар гидроскутерге отырып алдымен балаларды, кейін барлық азаматтарды жағаға жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!