Бұхаралық кейуана қазақстандық туристерге батасын берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді. © Sayahat Time Видеодан үзінді. © Sayahat Time

Түркі халықтары үшін үлкеннің батасын алу қашанда абыройлы іс. Өмір көрген кісінің шын ниетпен, ақ көңілмен берген батасын алған адам жерде қалмайды. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген. Қазақстандық туристер Ернар Алмабек пен оның жары Жазира Байдалы Өзбекстанға саяхаты кезінде бұхаралық кейуананың берген батасын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

"Бұхараның бір кемпірі" деп өзі туралы әзілдеген әжейдің жасы 90-ға таяп қалған екен. Ол отбасылы туристерге өмірі жайлы айтып, батасын берді. 

"Жеттіңіз, әка! Жақсы демалыс болсын!" Отбасылық тревел-блогерлер Өзбекстанға сапарлады

"Қазақстаннан келдіңдер ме? Біз енді бәріміз бір адам, бір мұсылман баласы. Сендер жасаңдар, балаларым! Мен жасап болдым. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда жетіде едім. Жамандық пен жақсылықты қатар көрдік, жұмыс істедік, бала тауып, қыз ұзаттық, ұл үйлендірдік. Немерелерім бір ел болады. 33 жыл жол саласында (асфальт салу) қызмет еттім. Шүкір! Аман болыңдар, сау келдіңдер, саламат кетіңдер. Жұрттағылардың барлығына сәлем айтыңдар. Дүние тұрғанша, тұрыңдар. Жамандық ешқашан көрмеңдер! Тек жақсылық келсін! Жақсылық жасаңдар! Аман жүріңдер! Әумин!", - деді әжей. 

@yernar.almabek Жазда өз көлігімізбен Өзбекстанды араладық. #qazaqstan #ozbekiston #бұхара #бухоро #бухороликлар ♬ оригинальный звук - Yernar Almabek

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная