Фото ©Авиа Траффик Компани Фото ©Авиа Траффик Компани

Бішкектен Алматыға жаңа рейс ашылды


Алматы - Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды. Әуекомпания ұшуларды 20 маусымнан бастап орындай бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Бішкек әуежайының ресми сайтына сілтеме жасап.

Рейстерді қырғызстандық "Авиа Траффик" тасымалдаушысы орындайды. Осы бағыт бойынша ұшулар күн сайын орындалады деп жоспарланған.

Бұған дейін 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Бішкек бағыты бойынша рейстер ашылғаны белгілі болды. Рейстерді FlyArystan лоукостері аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі күндері орындайды.

Қазір Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына сегіз рейс қолжетімді. Air Astana әуекомпаниясы Алматы - Бішкек бағыты бойынша аптасына сегіз рейс орындайды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Алматы облысында мектеп оқушыларына "жанды сабақтар" өткізілді Алматы облысында мектеп оқушыларына "жанды сабақтар" өткізілді
Алакөлде пойыздың астынан өткен туристер видеоға түсірілді Алакөлде пойыздың астынан өткен туристер видеоға түсірілді
Қазақ-қырғыз шекарасында туристік автобустар арнайы жолдан өтеді Қазақ-қырғыз шекарасында туристік автобустар арнайы жолдан өтеді