Қытайдың China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы мен Сиань арасында әуе рейстерін ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп қытай тарапының жиіліктер саны мен тағайындалған пункттері бойынша шектеулерін ескере отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін ұлғайту мәселесін пысықтады.
Биыл 23 желтоқсаннан бастап China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы - Сиань бағыты бойынша жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Б-738 үлгісіндегі әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етеді.