Он жылдан аса уақыт бойы мамандығы бойынша жұмыс істейтін белгісіз әуекомпанияның бортсерігі саяхатшыларға қонақүйлерде қауіпсіз тұру туралы айтты. Оның кеңесін The Sun жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Қыз туристерге бөлмеге кірмес бұрын әрдайым есікті қағуды ұсынды.
"Қонақүйлерде сіздің нөміріңіз екі рет брондалған жағдайлар жиі кездеседі. Біреу менің бөлмем үшін бағдарламаланған электронды кілтпен ашқанда оянып кеткен жағдайлар көп кездесті", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, бортсерік қонақүй бөлмесінде қауіпсіздік мақсатында есікті шынжырға немесе ішкі құлыпқа жабатынын атап өтті.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!