Booking нұсқасы бойынша Алматыдағы ең үздік қонақүйлер

Жыл өткен сайын Алматыға туристер көптеп келуде. Саяхатшыларды әсем Алматы қысқы курорттарымен, сондай-ақ Шарын каньоны, Вознесенск соборы немесе Үлкен Алматы көлі сияқты көрікті жерлерімен баурап алған. Саяхаттан ең жарқын әсер алу үшін жақсы қонақүй таңдау маңызды. Біз Booking қонақүй брондау сайтын зерттеп, туристер ұсынған Алматыдағы ең үздік қонақүйлердің тізімін жасадық.

Samal Resort & SPA. Аты айтып тұрғандай, қонақүйде жабық бассейн, хош иісті бу моншасы және гидромассажды ванна сияқты әртүрлі спа қызметтері ұсынылады. Қонақүй нөмірлерінде кабельді теледидар және тегін Wi-Fi бар. Шипажайға келушілер мейрамханада түскі ас ішіп, шығыс және еуропа тағамдарынан дәм тата алады. Қонақүй "Медеу" биік таулы спорт кешеніне жақын орналасқан, ол әсіресе белсенді демалысты қалайтындарға ұнайды. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9 балл.

Samal Resort & SPA. Сурет Booking.com сайтынан

Ritz-Carlton. Бұл сәнді бесжұлдызды қонақүй қонақтарын жазық экранды теледидарлары, кондиционерлері мен тропикалық душты мәрмәр ванналары бар ыңғайлы және ықшам демалыс бөлмелері күтеді. Қонақүй "Медеу" маңында орналасқан. Ritz-Carlton қонақтары Seven мейрамханасында түскі ас ішіп, Sky лаунджда сусындар іше алады. Сондай-ақ қонақүйде бірнеше басқа да мейрамхана бар. Қонақүй қала орталығынан көлікпен 10 минуттық жерде, сонымен қатар Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жарты сағаттық жерде орналасқан. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9,1 балл.

Ritz-Carlton. Сурет Booking.com сайтынан

Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty. Қонақүйде қонақтарға барлық жағдай жасалған: тегін автотұрақ, фитнес залы, бар, сауна және гидромассажды ванна. Сондай-ақ жеңіл тамақ ұсынылатын жеке бар және іскерлік орталығы бар. Қонақүйге келушілер бөлмелерде кондиционерді, жазу үстелін, шәйнекті, мини-барды және сейфті пайдалана алады. Қонақүй Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа өте жақын орналасқан. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9,1 балл.

Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty. Сурет Booking.com сайтынан

L.E.S. Ыңғайлы қонақүйге келушілерді жеке автотұрақ, тегін Wi-Fi және лаундж аймағы қуантады. Бұл қонақүй жұмыс істеу үшін өте қолайлы, өйткені тегін ғаламтормен қатар, әр нөмірде жұмыс істеуге арналған ноутбук пен кофе машинасы бар. Туристерге өте жайлы жағдай жасалған - қонақүйдің ыңғайлы орналасуының арқасында қонақтар қаланың ең танымал көрікті жерлеріне тез жете алады: Алматының орталық стадионы - 2,4 км, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы - 2,7 км және 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ - 2,9 км. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9,8 балл.

L.E.S. Сурет Booking.com сайтынан