Биыл қыста өзіңіз үшін Алматы облысының барлық ғажайыптарын ашыңыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының туризм басқармасы туристерді қысқы кезеңде сүйікті орындарын ашуға шақырады!


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының туризм басқармасы туристерді қысқы кезеңде сүйікті орындарын ашуға шақырады!

Алматы облысындағы қысқы демалыс - жарқын түстермен және ұмытылмас әсерлермен толтырылған сиқырлы саяхат. Бұл бірегей құпиялылық пен тыныштық атмосферасын сыйлайтын қарлы шыңдар, қар басқан ормандар мен мөлдір көлдер әлемі.

Биік шыңдармен қоршалған Көлсай, Қайыңды көлдері қыс мезгілінде керемет пейзаждар сыйлайтын құтты мекен. Қысқы табиғаттың барлық сұлулығынан ләззат алуға мүмкіндік беретін қарлы жағалауларда жай серуендеуді ұсынамыз. Қазақстанның Алматы облысында жергілікті және шетелдік туристердің қысқы демалысқа деген қызығушылығы үнемі артып келеді. Өз кезегінде, сүйікті Көлсай көлдері қыс мезгілінде ерекше тартымды көрінеді!

Алматы облысының тау-шаңғы курорттары қысқы спорт түрлерін сүйетіндер үшін нағыз жұмақ болып табылады. Құдіретті таулардың ортасында тау шаңғы трассалары шексіз беткейлерді ұсынады, мұнда әр бұрылыс адреналин мен қуанышқа толы. Мұнда әртүрлі қиындық деңгейлері, орындықты және арқан көтергіштер туристерге қолайлы демалыс ұсынады. Шаңғы маусымы қарашадан сәуірге дейін созылады. «Табаған», «Oi-Qaragai» және «Ақбұлақ» тау шаңғысы курорттары Сіздің бос уақытыңызды жағымды әрі есте қаларлық етеді!

Алматы облысының Кеген ауданында Кеген мен Шырғанақ ауылдарының арасында әрбір турист көруі тиіс Мұзды Жанартау (Мұзтау) орналасқан. Атқылау әсерін жер астынан соғатын артезиан суы жасайды. Суық мезгілде су қатып, жанартаудың биіктігі 14 метрге дейін жетеді.

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында термалды минералды бұлақтар орналасқан. Санаторлық-курорттық кешендер қолда бар геотермалдық сулар, қолайлы климат, ауыл шаруашылығының экологиялық таза өнімдері негізінде демалушыларға қызмет көрсету сервисінің жоғары және сапалы қызметтерін ұсынады. Термалды минералды бұлақтар жылы, ыстық және өте ыстық болып бөлінеді. Сонымен қатар, соңғысының температурасы кейде 100 градусқа жетеді. Олар белсенді вулкан аймақтарындағы магмалық интрузиялармен қыздырылған сумен қоректенеді.

Сонымен қатар, алғаш рет туристерге арналған «Almaty region Travel» Алматы облысының барлық негізгі орындары енгізілген бірегей мобильдік қосымшасы әзірленді. Қолданба үш тілде ұсынылған, ол тіпті интернетсіз де жұмыс істейді. Мобильді қосымшаның арқасында туриер көрікті жерлермен таныса алады, сонымен қатар сапалы демалу, тамақтану және демалуүшін ең жақын және қолайлы орынды таба алады.

Қосымша «Көрікті жерлер», «Тамақтану орындары», «Туристерге арналған нұсқаулықтар», сондай-ақ «Жаңалықтар», валюта конвертері, ауа-райы болжамы қойындыларына бөлінген ерекше қосымша.

Өз сұлулығымен танымал Алматы облысының бірегей табиғатын жаңа көзқараспен ашуды ұсынамыз.

Сурет: Туристік ақпарат орталығынан

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная