Биыл елімізге келген милоионшы шетелдік туристі тіркеді - Kazakh Tourism

Миллионыншы турист қыркүйектің соңғы күнінде eQonaq ақпараттық жүйесінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Ол Қытайдан келген саяхатшы екен. Алматыға 4 күнге келіп, Rahat Palace Hotel қонақүйінде тоқтаған.
Жалпы Қытайдан келген қонақтар барлық шетелдік қонақтар арасында үшінші орында. Жыл басынан бері eQonaq-та Қытайдан 70 мыңнан аса турист тіркелді", - делінген Kazakh Tourism хабарламасында.

Бірінші және екінші орында Ресей мен Өзбекстаннан келген туристер орналасқан. Үздік 10 елге Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Германия, Моңғолия және АҚШ туристері кіреді.

Шетелдік қонақтардың көпшілігі Алматыға - 343 мың турист және Астанаға - 174 мың турист келді. Үздік бес бағытқа Алматы облысы кіреді, оған 62 мың турист келді, одан бөлек Атырау облысына - 58 мың турист және Маңғыстау облысына - 52 мың турист келген.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Туризм және спорт, Ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп әзірлеген eQonaq ақпараттық жүйесі шетелдік қонақтарды есепке алуға және туристік ағымның мониторингіне арналған. Жүйе көші-қонды бақылау міндетін де орындайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!